Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00
  • Елімізде 8 құс фабрикасы іске қосылады.
  • Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы оқыс оқиғадан тағы бір жұмысшы қайтыс болды.


Парламент депутаттары ««ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасының мақсаты - халықаралық практиканы ескере отырып, аудит саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Мемлекеттік және нақты секторлар аудиті саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар заң жобасын реттеудің нысанасы саналады. Заң жобасын қарау кезінде жекелеген нормаларды жетілдіру мақсатында бірқатар түзетулер қабылданды. Соның ішінде кәсіби кеңес басқармасының кәсіби кеңес қызметі туралы жылдық есептілікті бекіту; кәсіби кеңестің уәкілетті органға және елдің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне есеп беруі бойынша есеп берушілік жөніндегі нормаларын күшейту; мемлекеттік мекемелерде электрондық бухгалтерлік есепке алуды уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай оператордың жүргізуін алып тастау.

***

«Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Мәселен, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады. Бұл импорт үлесін 44%-дан 39%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 114 мың тонна шикі сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлы сүт фермасын салу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты. Ет өңдеу секторында жалпы қуаттылығы 45 мың тонна болатын 3 заманауи ет өңдеу комбинаты іске қосылады. Осы шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,6 трлн теңгеге дейін көзделген», – деді министр.

***

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы оқыс оқиғадан соң ауруханаға түскен 32 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Зауытта күйік шалған екі жұмысшы ауыр халде облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген еді. Сол жерде бір апта ем қабылдаған 32 жастағы жүргізуші бүгін көз жұмды. Аурухананың бас дәрігері Сәкен Қапановтың айтуынша, оның денесінің 60 пайызын күйік шалған. Айта кетейік, 28 мамыр күні зауыттағы сыйымдылығы 50 текше метр болатын бөшкені тазартқан төрт жұмысшы оқиға орнында мерт болды. Ал екеуі ауруханаға түсіп, ем қабылдады. Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу басталды. Учаске шебері, бөлім бастығы және №4 цех бастығы ұсталды. Олар тергеу аяқталғанға дейін қамауда отырады.

***

eGov.kz сайты арқылы Бірінші сыныпқа қабылдау үшін мыңнан аса өтініш түскен. Әзірге ірі мегаполистер белсенді. Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің басшысы Қанат Кеңбайдың айтуынша, құжаттарды бірінші тамызға дейін әдеттегідей қағаз түрінде де өткізуге болады. Баласын мектепке тіркейтін әр ата-анадан өтініштен бөлек, туу туралы куәліктің көшірмесі және денсаулығы туралы анықтама сұралады.

***

Маусымның 8- 12 күндері аралығында еліміздің екі облысында «Қызылорда – Жезқазған» автожолы жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар өтеді. 8 маусымда «НұрОтан» партиясының Жезқазған қаласы бойынша филиалының ғимаратында, ал 11 маусымда Қызылорда қаласындағы Достық үйі ғимаратында болады. «Сонымен қатар, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 22 маусымға дейін сауалнама түріндегі қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Қоғам өкілдері тарапынан ұсыныстар мен шағымдар электронды түрде қабылдануда.