Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00
  • Жануарды қызық үшін өртеген жасөспірімдер ертең адам өртемесіне кім кепіл?
  • Отандық телеарналарға ағартушылық бағыттағы бағдарламалар жетіспейді.
  • Бейбіт жиын өткізу кезінде полиция қандай міндет атқарады?

 

Отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған жиында Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт ағартушылық бағыттағы телебағдарламалардың рөлі жөнінде сөз қозғады. «Қазіргі қысылтаяң шақта білім беру онлайн жүйеге ыңғайланды. Үйде отырған көрермен, оның ішінде жас балалар білім алудың түрлі жолдарын көруі тиіс. Ал телеарна осы сәтті пайдалануы керек дейді сенатор.

***

Қостанайлық полицейлер митингілер туралы жаңа заңмен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларына «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заңның талаптарын түсіндірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға 25 мамыр күні қол қойған. Қабылданған жаңа Заң 6 маусымда күшіне енеді. Полицейлердің басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету. Митингке қатысушылар тарапынан түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет, іс-шаралар заң нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

***

Францияның Лилль қаласында жүздеген адам нәсілшілдікке қарсы шеруге шығып, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Акцияға қатысушылар «Адам үшін әділдік» деп ұрандатты. Тәртіп сақшылары демонстранттарды күшпен таратты. Еске сала кетейік, 24 жастағы Адам Траоре 2016 жылы Бомон-сюр-Уаз қаласында полицейлердің тұтқындау кезінде көз жұмған. Бірақ сот-дәрігерлік сараптама жас жігіт денсаулығының әлсіздігінен қайтыс болды деген шешім шығарған еді. Бұл оқиға халықтың наразылығын туғызып, шерулер өтті. Ал, жақында Америка Құрама Штаттарында болған оқиғадан кейін бұл іс қайта көтерілді.  

***

Алматы зообағы ертеңнен бастап ашылады. «Екі жарым ай бойы Алматы зообағы жабық болатын. Сондай-ақ, карантин жануарлар төлдейтін уақытқа тұспа-тұс келді. Тек осы аралықтың өзінде 70-ке жуық балапан шықты», - деді Алматы зообағының директоры Сейілхан Ақылбеков. Әсіресе, 8 жылдан бері ұрпақ өрбітпеген қозықұмай құсы биыл балапан басып шығарды. Айта кету керек, әлемде тұңғыш рет 1972 жылы Алматы зообағында қозықұмайдан балапан шыққан. Айта кетейік, Зообаққа кіреберісте дезинфекциялық дәліз орнатылған.

***

Алматы облысында иттің күшігін тірідей өртеген екі жасөспірім ұсталды. 15-16-дағы жеткіншектер өздерінің жантүршігерлік әрекетін мойындап, оны қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай»,- деді Алматы облысы Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қуат Оспанов. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Алакөл ауданы Қабанбай ауылында болған бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланған видео арқылы көпшілікке тараған.