Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 5.06.2020

Қорытынды жаңалықтар 5.06.2020
  • Оқулықтарды сараптау жұмысын тек тәуелсіз мамандар атқарады.
  • Мәдениет және өнер қызметкерлерінің еңбекақысы жыл басынан бері 50 процентке өскен.
  • Биыл Нұр-Сұлтан, Теміртау, Жезқазған және Қарағанды қалаларына газ келеді.
  • Еліміздің ірі қалаларында «Stopmusor» жобасы іске қосылады.
  • Қостанайлық полицейлер митингілер туралы жаңа заңмен танысты.
  • «Ақтөбе» футбол клубы сатылымға шығарылады.

 

Оқулықтарды сараптау жұмысын тек тәуелсіз мамандар атқарады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.«Қазіргі таңда оқулық сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл - өзекті мәселе. Биылдан бастап оқулықтардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту туралы министрліктің бұйрығы шықты. Оқулық авторлары мен баспалардың оқулықтарды әзірлеудегі жауапкершілігі артты. Енді сатып алынған оқулықтарда қателер анықталған жағдайда баспалар барлық шығынды өздері өтейді. Авторлар мен сарапшыларды оқыту жұмысы қолға алынады», –деді министр.

***

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің еңбекақысы жыл басынан бері 50 процентке өскен. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

***

Биылғы жылыту маусымына дейін Нұр-Сұлтан, Теміртау, Жезқазған және Қарағанды қалалары ішінара газға қосылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев айтты. «Нұр-Сұлтандағы ірі нысандардың көбі биыл газға қосылады. Сонымен қатар Теміртау, Қарағанды мен Жезқазған қалалары көгілдір отынның қызығын көре бастайды. Яғни желі бойындағы ірі қалалардың бәрі де осы жылдың жылыту маусымында газды қабылдауға дайын отыр», - деді Айдарбаев.

***

Еліміздің ірі қалаларында «Stopmusor» жобасы іске қосылады. Мобильді қосымша тұрғындарға шашылып жатқан жерлер туралы бірден хабарлайды әрі ол арқылы шағым түсіруге мүмкіндік береді. Жоба 2021 жылға дейін жүзеге асырылады. Мақсаты –тұрғындарға қоқысты іріктеуді үйретіп, айналаны таза ұстауға шақыру. Қалдықтарды қайта өңдеу үшін оны бөліп жинау маңызды.

***

Мақтааралда тұрғындарға үкіметтен бөлінген 100 мың теңгелік өтемақы беріле бастады. Бүгінде осы қаражатты беру үшін Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінің 6314 азаматынан құжат қабылданса, 6020 құжат көші-қон полициясының ақпаратымен расталып, қаржы аудару үшін бекітуге ұсынылған. Қазіргі таңда 13 ауылдан 5342 құжат қабылданып, оларға мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 4839 азаматтың құжаты расталып отыр.

***

Қостанайлық полицейлер митингілер туралы жаңа заңмен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларына «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заңның талаптарын түсіндірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға 25 мамыр күні қол қойған. Қабылданған жаңа Заң 6 маусымда күшіне енеді. Полицейлердің басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету. Митингке қатысушылар тарапынан түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет, іс-шаралар заң нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

***

Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандардың саны көбейіп кеткендіктен карантин шаралары қайта күшейтілді. Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың шешімі бойынша сенбі және жексенбі күндері үйден шығуға тыйым салынады. Бұл күндері барлық мекемелер жұмыс істемейді, қоғамдық көлік пен автомобильдер жүрмейді. Бұл науқастар саны күрт артқан Баку, Сумгаит, Гянжа, Лянкоран қалалары мен Апшерон ауданына қатысты шектеу. Тек дәрігерлер мен маңызды салалардың мамандарына жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

***

«Ақтөбе» футбол клубы бұған дейін сенімгерлік басқаруға берілген еді. Енді сатылымға шығарылады. «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған қаулысы бар. Сол қаулы тізіміне «Ақтөбе» футбол клубы енген. Клуб сатылымға шығарылуы керек. Яғни, осы айда бағалау, шілдеде комиссия отырысы өтеді. Клубты кез келген, яғни, шетел азаматы, компаниялар, Қазақстан азаматы, барлығы да сатып ала алады», - деді «Ақтөбе» ФК БАҚ және жанкүйерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Әсет Жомарт.