Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауыл шаруашылығындағы лизинг

Ауыл шаруашылығындағы лизинг

«ҚазАгроҚаржы» АҚ («ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау бойынша көлік құралдарын лизингке ұсыну арқылы жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Қазақ радиосының "Аграрлы Қазақстан" бағдарламасында "Қазагроқаржы" АҚ басқарушы директоры Карнакова Назгуль Шолпанқұлқызы айтты 

Лизингтің стандартты шарттары мынадай: мерзімі – 10 жылға дейін; сыйақы ставкасы – бюджеттен тыс қаражат есебінен жылдық 17% (10% мемлекет субсидиялайды), 9% (субсидияланбайды); алдын ала төлем мөлшері – лизинг затының құнынан 15% кем емес; негізгі борыш пен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдікті кезең – 1 жылға дейін.

Қаржыландырудың стандартты талаптарынан басқа қаржыландырудың мынадай арнайы бағдарламалары да бар:

«Сенімді фермер» - Қоғамның адал қарыз алушылары үшін бағдарламасы. Аванстық төлем мөлшері - 0%.

«Қазақстанда жасалған» - отандық құрастырылған/өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау бойынша ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарының лизингі. Аванстық төлем мөлшері - 15% кем емес. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% (көзі – ҚР Ұлттық қорының қаражаты).

«Өз жем-шөбіміз» - өз малының болуы шартымен жем-шөп өндіруге арналған ауыл шаруашылығы техникасының лизингі. Аванстық төлем мөлшері-10%.

«Беларусьте жасалған» - Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы клиенттерге пайыз толеу мөлшері азайтылады (1%тен кем емес).

«Шебер-Лизинг» - 1 жылға қол жетімділік кезеңі бар лизингтік желі. Жылына 1 рет құжаттарды жинау. Құжаттарды қайта ұсынусыз қаржы лизингі шарттарын жасасу.

«Экспресс-Лизинг» - 100 млн. теңгеге дейін табысты растаусыз лизинг. Бағдарлама аясында шектеулі құжаттар тізбесі талап етіледі. Аванстық төлем мөлшері-25% кем емес.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.