Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Экологияны қорғауды әр адам өзінен бастауы керек»

«Экологияны қорғауды әр адам өзінен бастауы керек»

«Шалқар» радиосының «Өнеге» хабарына еліміздің табиғатын қорғау, экологиялық ахуалын жақсарту жолында қызмет атқарып, саланың дамуына орасан үлес қосып жүрген «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің жобалар менеджері, «Жасыл офис» жобасының үйлестірушісі Асыл Оқапова мен баспасөз хатшысы Меруерт Сайлауқызы Абдалиева қатысты.

Жақында ғана дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен алғыс хат алған студия қонақтары Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының бүгін басталғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің табиғатын қорғау және экологиялық ахуалын жақсарту бағытында  атқарылып жатқан жобалар туралы, экологиялық өмір салтын қалыптастыру үшін кез-келген адам өзінен бастау керектігі жайында айтты.

Толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыз.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.