Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 29.06.2020

Қорытынды жаңалықтар 29.06.2020
  • Президент өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындағандары үшін бірнеше әкімге сөгіс жариялады.
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді.
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді.
  • Ақтөбеде өкпе қабынуы дертіне шалдыққан саны артты.
  • Алматы облысында барлық ауруханалар карантинге жабылды.
  • Елордадағы COVID-19 туралы өзекті ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады. 
  • Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 97 тармақтан тұратын жоспар жасалды.  
  • «Қазгидромет» ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алғанға алып, сөзіс жариялады.

***

Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдеріне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасады.

***

Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте коронавируспен күресте ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынын айтты. «Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді. Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды»- деді Президент.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді. « www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек деді Президент.

***

Ақтөбеде өкпе қабынуы дертіне шалдыққан саны артты. Ертең «Шағала» сауықтыру орталығы провизорлық стационар қылып жасақталады. «Бүгін Теміржол ауруханасы мен облыстық туберкулез диспансері толса, ертең 200 орынды «Шағала» сауықтыру орталығы қолданысқа беріледі. Сонымен бірге екі жеке емдеу мекемесінің басшысымен келісім жүріп жатыр. Олар да провизорлық стационар болады. Мұнда өкпе қабынуына шалдыққандар ем қабылдайды», - деді облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев. Еске салсақ, облыста өкпе қабынуынан 47 адам көз жұмды. Қазір 1 мыңнан астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың 10-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

***

Алматы облысында барлық ауруханалар карантинге жабылды. Енді тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алу үшін жедел желіге қоңырау шала алады. «Қазір барлық ауруханалар карантинге жабылды. Барлық сұрақтарға байланысты осы 8 800 808 828 немесе 8 728 241 1212 номерлерге хабарласуға болады», - деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. Сондай-ақ ведомство өкілінің мәліметінше, Алматы облысы бойынша ауруханаларда орындар бар.

***

Елордадағы COVID-19 туралы өзекті ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады. Қалада тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. «Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты covid19.astana.kz парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді көре алады. Парақшада дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің, мәдени және спорт мекемелерінің жұмыс режимі туралы соңғы жаңалықтар жарияланады. Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекен-жайлары туралы ақпарат бар.

***

Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 97 тармақтан тұратын жоспар жасалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. «Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама аясында 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Бағдарламаны іске асыру бойынша биылғы жылға арналған 97 тармақтан тұратын жоспар да бар. Оған сәйкес атқарылатын іс-шаралар – тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту сияқты 3 бағытқа бөлінген», - деді Аида Балаева.

***

«Қазгидромет» ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай ойнайды. Бұдан бұрын хабарланғандай Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.