Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 18:00

Жаңалықтар 18:00
  • Президент өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындағандары үшін бірнеше әкімге сөгіс жариялады.
  • Алдағы 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.   


Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алғаны айтылған. «Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкіміне, Ақтөбе мен Павлодар облысытарының әкімдеріне және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдеріне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасады. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті»,- делінген жазбада.

*****

7 қазақстандық волентер ретінде БҰҰ құрылымдарындағы жұмысқа бағытталмақ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның дамуы мен әлеуметтік маңыздағы мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлер мен бастамалар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен ынталандырылады. «Әрине, бір жылда волонтерлікті дамыту үшін барлық бастамаларды аяқтау қиынға түсетіні анық. Алайда ол ары қарай жүйелі дамыту үшін өзгерісті кезең болып отыр», - деді А. Балаева.

*****

Атырау облысында ҰБТ кезінде 50 түлек тәртіп бұзды. Олардың барлығы бірден тестілеу залынан шығарылды. Ұялы телефон алып кірмек болған, тестілеу кезінде көшіру парақтарын пайдаланған түлектер дереу анықталып, шара қолданылып жатыр. Сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдердің әлеуметтік желідегі чаттарына мониторинг жүргізіледі. Биыл облыста 3 мыңнан астам түлек тестілеуден өтпек. Індетке байланысты қауіпсіздік шараларына баса назар аударылып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау талап етілді. Оған қоса арнайы мониторингтік топ қадағалауды қатайтты. 

*****

Еліміздің барлық өңірінде жедел медициналық көмек стансаларының шұғыл желілері ашылды. Өңірлік Call-орталықтардың телефон нөмірлері Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды. Өңір-өңірдегі шұғыл желілер нөмірлерін qazradio.fm инста парақшасында көруге болады. 

*****

Алдағы 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Қазгидромет 30 маусым мен 2 шілдеге арналғанда рес-ның басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны әсер етеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, орталық аймақта кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, жекелеген аудандарда дауыл соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген хабарламада.