Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 3.07.2020

Қорытынды жаңалықтар 3.07.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Онда Тұңғыш Президент дәрігерлердің күш-жігері және олардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-ақ баршаның қолдауы мен жылы сөздерінің арқасында сырқаттан сауығып шыққанын айтты. Болашақта да отандық денсаулық сақтау саласына баса көңіл аударып, оны дамытуға қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу керек. Президент мен Үкімет қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Алайда көп нәрсе өзімізге байланысты. Қажетті гигиена талаптарын орындап, тәртіп сақтап, өз денсаулығымызды, туған-туыстар мен жақындардың амандығын ойлауымыз керек, - деген Елбасы медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, отандастарымызға мықты денсаулық пен игілік тіледі.

***

Бүгін Елордадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монумент ашылды. Оның ашылу рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде қатысты.

***

Қазақстанның Қарулы Күштері Тұңғыш Президенттің Жарлығымен құрылғандықтан, бұл монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәні зор. Елбасы еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Президент болған жылдары әскери құрылымның заңнамалық және құқықтық-нормативтік базасы әзірленді. Сондай-ақ Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамы жасақталып, армияның қарулануы кезең-кезеңімен іске асып, заманауи инфрақұрылым қалыптасты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

***

Соңғы айда COVID инфекциясымен ауырған науқастардың ең жоғары өсімі – халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалар, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларының халқы арасында тіркеліп отыр. Ал еліміздегі емханаларда және жедел жәрдем қызметінде мобильді бригадалар құрылды. КВИ немесе тұмау белгісі бар азаматтар жедел жәрдем шақырса, мобильді бригадалар дәрігерлермен бірге барып, сол жерде тест алады. Бұл жұмыс ақылы негізде жүргізіледі. Құны – 5400 теңге. Дегенмен, профилактикалық мақсатта тест тапсырудың қажеті жоқ» - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният.

***

Қайтыс болғанға бата қылмадым деп ұялмаңыз, оның басқа жолдары бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, қазіргі уақытта жағдайға түсіністікпен қарап, карантин талаптарын қатаң сақтау - аса маңызды.

***

Алматы әкімі де шахарда індеттің таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылғанын айтты. Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медицина университетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көбейген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

***

Шығыс Қазақстанда екі қала карантинге жабылады. Аймақ әкімі Даниал Ахметовтің мәліметінше, облыста 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік орын және қарқынды терапия палатасы дайындалды. Карантин кезінде облыста жалпы вирус жұқтырғандар саны 135 болатын. Маусым ішінде бұл көрсеткіш 710-ға дейін артып, әлі де өсіп жатыр. Сондықтан, 5 шілдеден бастап Өскемен және Семей қалалары жабылады. Тұрғындар мен көліктердің қала мен аудан арасында жүріп-тұруы шектеледі.

***

Алдағы жексенбіде елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтіледі. Ал биылдан бастап домбыра пәні мектептерде қосымша ретінде оқыталады. Қазір домбыра үйренуге арналған оқулық та дайын. Бүгін ғана таныстырылмы өткен кітаптың авторы белгілі өнертанушы, күйші Жанғали Жүзбаев. Автордың айтуынша, 6-7 сыныптарға арналған оқулықта аспапты үйрену жолдары нақты көрсетілген. Сонымен қатар, халқымыздың және елімізде тұратын тұрлі ұлт өкілдерінің шығармалары да топтастырылған. Халықаралық Түрік академиясының жобасымен жарық көрген оқулық мектептердегі домбыра үйірмелеренің жұмысына лайықталып жасалды, дейді Жанғали Жүзбаев.