Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәдина Аманқосқызы: Қызымды қатерлі дерттен құтқарғым келеді

"Мың алғыс" хабарының бүгінгі шығарылымы мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Зейнеп Лекайға арналды. 

Кейіпкердің анасы Мәдина Аманқосқызы Қазақ радиосы арқылы көптен көмек сұрады. Зейнептің ми қатпарында ісік бар екені қаңтар айында анықталыпты. Дәрігерлер Қазақстанда операция жасау мүмкін емес екенін айтқан. Жан-жақты зерттеу жүргізген анасы Түркия мемлекетінің клиникасынан жауап алады. Ісіктің көлемі кішкентай кезінде алып тастауға болады екен. Бұл хабарды естігелі ананың да, баланың да жүрегінде үміт пайда болды. Ендігі мақсат – қажетті қаржыны жинау. Ем-шараның құны 13 000 000 теңге . Бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға мұндай соманы табу оңай болмай отыр. Мәдина өзі де екінші топ мүгедегі. Бірақ қазір өз денсаулығынан бұрын өмірі қыл үстінде тұрған қызғалдағының жағдайына алаңдаулы.  


Балапаны үшін шырыл қаққан тағы бір ананың жүрегіндегі мұңды сейілтуге себеркер болайық!

Зейнептің анасы Мадина Аманқосқызының атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4971 9209 6828

ЖСН: 8307 2349 9059

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редактор-жүргізушісі: Амангүл Ермекқызы.