"Халтура емес, кәсіби деңгейдің уақыты келді"
«FILMFAN» хабарында қонақта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «А.И.» драма театрының жетекшісі Айгүл Иманбаева Серікқұлқызы және шәкірттері: Әмірхан Маратұлы, Шынар Қайратқызы, Аружан Еркінқызы болды.
- Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнаған екенсіз. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, «Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы» да «Алма» рөлін «Көгілдір такси» де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдерді сомдадыңыз. Қайсысы жақын?
- Жалпы, театр өнерін насихаттау жоқтың қасы. Неге бұл салаға көңіл бө-лінбейді, халі неге мүшкіл? Біздің ортамызда айтар ойы салмақты, асыл сөзді жіпке тізген маржандай етіп ой түйіндей алатын өнер тұлғалары жетерлік. Небір тарландар, небір қамал бұзар таланттар өз сәтін күтіп ашыла алмай, өмір¬ден өтіп жатқандар бар. Бар дарынды дер кезінде бағалап, халыққа таныта білгеннің өзі шеберлік шығар. Бұл сіздің сұхбатыңыздан үзінді. Демек, таланттарға қолдау жетіспейді ғой?
- Жалпы еліміздегі барлық өнер ордаларында драматургия мәселесі қиындап кетті. Ақсаңқырап тұрған тұс осы дер едім. Халыққа ұсынар жақсы да жаңа тақырып болмаған соң, кешегіні қайталай береміз. Әйтеуір «көш жүре түзеледі» деп жұбатумен келеміз, деген екенсіз. Репертуардың жаңармай тұрғаны кімнің кінәсі?
- 2011 ең алғаш «А.И» театрының шымылдығы Жан Ануйдің «Медеясымен» ашылған болатын. Содан бері «Медеямен» бірнеше халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдыңыздар. Украина, Сербия, Македонияда өткен халықаралық байқауларға осы спектаклді қойған екенсіздер. Бір қызығы, сахнаға шығар алдында қызуыңыз көтеріліп, қара терге малынып, жөтел қысып, мазаңыз қашады екен. Солай ма?
- Егер психолог болсам жақсы ұстаз болар едім, - дедіңіз. Бірнеше жыл болды, Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық университетінде музыкалық театр әртісі мамандығы бойынша шәкірт қабылдайсыз. Студентттермен қарым-қатынасыңыз қандай? Психолог бола алдыңыз ба?
Осы сұрақтардың жауабы мен қонақтардың тікелей эфирде орындаған әнін, қойылымнан үзінді және өлең оқығанын аудионұсқадан тыңдай аласыздар.
Бағдарлама жүргізушілері: Жадыра Жұмакүлбай және Нұртас Нұрғали.