Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемдік статистика: Коронавирус жұқтыру бойынша Қазақстан 36-шы орынға шықты

Соңғы дерекке сәйкес елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 44075 адамға жетті. Сондай-ақ 14861 адам жазылып шықса, 188 науқас аталған індеттің құрбаны болған.

Осыдан бірер күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қайта карантин енгізу туралы айтқан болатын. Осыған сәйкес 5-ші шілде, яғни, ертеңнен бастап ел аумағы бойынша 14 күнге қайта карантин енгізіледі.

Бүгін Қазақ радиосының эфирінен өткен «Басты тақырып» хабарында осы мәселе талқыға түсті. Спикер "UMC" корпаративті қоры, балаларды оңалтудың ұлттық орталығы, 2 психоневрологиялық бөлімінің меңгерушісі Ғалымжан Жылқыбаев.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша Қазақстан коронавирус жұқтырудан 36-шы орынды алса, өлім көрсеткіші бойынша 68-ші орынға жайғасыпты.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.