Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 12:00

Жаңалықтар 12:00

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген Ақорда сайтында.

*****

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде енгізілетін қатаң карантин шараларына байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. «Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап екі апталық ішінара шектеу енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шектеулер арқылы жекелеген шағын және орта бизнес санаттарының қызметін тоқтату, қоғамдық көліктердің жұмысын және адамдар көп баратын жерлерде азаматтардың жиналуын шектеу, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу қарастырылған. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер және қысқартылған кесте бойынша ХҚО-лар жұмыс істейтін болады. Осы кезеңде ішкі істер органдары қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілетін болады. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі азаматтарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауға, көп адам шақырылатын іс-шаралар өткізбеуге және өздерінің байланыстарын азайтуға шақырады», - деді министр.

Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жағдайда жеке тұлғаларға 83 340 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлерге 638 940 теңгеге дейін айыппұл салынады. 

*****

Елбасының мерейтойына орай және елорда күні қарсаңында «Теміртау – алтын бесігім» халықаралық интернет-конференция өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге еңбек еткен замандастары, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Онлайн жиынға бірнеше елден 50-ден астам адам қатысты. Замандастары Елбасының еңбегі жайлы естеліктер айтты.

*****

Қазақстан азаматтарына алдағы екі аптада Түркияға баруға тыйым салынды.«Түрік билігі Қазақстан азаматтарына екі апта бойы Түркияға кіруге уақытша тыйым салынғаны жөнінде Air Astana әуе компаниясын хабардар етті. Бұған Қазақстанда карантиннің күшейтілуі себеп болып отыр. Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Анталья мен Ыстанбұлға рейстер Түркияда демалысы аяқталып, елге оралатын қазақстандықтарды алып келу үшін жалғаса береді.Түрік билігінің ақпаратына сәйкес, бұл шаралар – уақытша. Шектеулер екі аптадан кейін алынып тасталмақ. Еске салайық, 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапонияға халықаралық рейстер қайта жанданған болатын.