Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай келіп түскен жеделхаттар

Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай келіп түскен жеделхаттар

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан келіп жатқан құттықтау жеделхаттар легі жалғасуда,- деп хабарлайды Elbasy.kz.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған өз хатында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі рөлін ерекше атап өтті.

«Қазақстанның игілігі жолындағы қызметіңіз, мол тәжірибеңіз бен парасаттылығыңыз Өзіңіз үлкен үлес қосқан Түркі әлемінің бірлігі мен тұтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр, ал бауырлас және достас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тілеймін», - деп жазды Режеп Тайип Ердоған.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, Отанына деген сүйіспеншілігі мен оның тағдырына араласуы жас ұрпақ үшін лайықты үлгі екендігін атап өтті.

«Сіздің 80 жылдық мерейтойыңызға орай менің жүрекжарды құттықтауым мен ізгі тілегімді қабыл алыңыз.

Қазіргі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында қол жеткізген табыстары, елдің экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктері, халықаралық аренадағы беделінің нығаюы Сіздің атыңызбен тығыз байланысты», - делінген Түрікменстан Президентінің жеделхатында.

Бельгия Королі Филипп пен Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга да өздерінің құттықтауларында Тұңғыш Президентке және Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.