Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл – елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты қабылданған шешім. Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартты. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжат тапсыру кезінде оларды кейін беруге рұқсат етіліп отыр. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз», – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

***

Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу бұрын хабарланғандай 3 тамыз күні емес, 17 тамызда басталады. Сондай-ақ докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. Оқуға түсушілердің Ұлттық тестілеу орталығы сайтындағы жеке кабинеттеріне кешенді тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық түрде беріледі.

***

Бүгінге дейін 42500 теңге әлеуметтік көмекті алуға 2 млн.300 мыңнан астам азаматтан өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды. Өтінім берудің бірнеше жолы бар. Көпшілігі Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы берген. Мұны 42500.enbek.kz порталы арқылы да, банктердің мобильдік қосымшалары арқылы да жасауға болады. Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

***

АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы осы елдің мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді. Атап айтқанда, Иранға ядролық бағдарламаларда қолданылуы мүмкін металл түрлерін жеткізуге шектеу қойылып отыр. Қара тізімде құрылыс материалдары да бар. Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Вашингтон Иран ядролық келісімінен шығып, Тегеранға қарсы санкциялар жариялаған болатын. Дональд Трамп әкімшілігі өзге елдерге ирандық мұнайды сатып алуға тыйым салып, Ислам Республикасының Революциялық сақшылар корпусын террористік ұйымдар тізіміне қосты. Ал осы жылдың басында Иран билігі де халықаралық келісім талаптарын орындамайтынын мәлімдеді.

***

Атырауда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Соңғы тәулікте мұнайлы өңірде 64 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Өңірдегі қоғамдық бақылау тобы облыстық ауруханада болып, ондағы жағдаймен танысты. Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен волонтерлердің еңбегі зор. Бастысы – науқастар санының азайып, дерттен айыққандардың көбейгені болып тұр. Карантин талаптары сақталса, өңірде жағдай жақсарып келеді дейді дәрігерлер.