Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 5.08.2020

Қорытынды жаңалықтар 5.08.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Ведомство басшысы Президентке министрліктің жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.   

***

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу барысында Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді айтты.

***

Ал, Бейрут губернаторы Марван Аббуд портта болған жарылыстың шығыны 3-5 млрд доллардан асатынын айтты. Кейінгі мәліметтер бойынша, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам тұрғын зардап шекті. Елде аза тұту күні жарияланды. Апат аймағы деп танылған Бейрутта екі апталық төтенше жағдай режимі енгізілді.

***

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елордадағы «СҚ-Фармация» логистикалық хабына барып, денсаулық сақтау мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Белгілі болғанындай, ауруханалар мен провизорлық орталықтарына препараттардың 91 атауы жеткізіледі. Ол үшін жедел түрде қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынып, емделушілер үшін амбулаториялық деңгейде тегін алатын дәрінің тізімі кеңейтілді. COVID-19-дың екінші толқыны бастала қалса, компанияда 24 млрд теңге сомасында екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшік дәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын 19 тапшы препаратпен жабдықтау мәселесі пысықталып жатыр. «СҚ-Фармация» оларды қалалар мен ауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді. Премьер-Министр дәрі-дәрмектердің өңірлерге жеткізілуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттардың болуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

***

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітті. Ол бойынша, кәсіпкелерге банк қарызы мен шағын несиені 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Карантин кезінде жұмысы тоқтаған салаларға, яғни, автовокзалдар, ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар, банкет залдары қонақ үй, туристік агенттіктер. мәдениет объектілері, жеке меншік мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары сияқты қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік субьектілеріне осындай қолдау көрсетілмек.  

***

Елімізде биыл 15 млн шаршы метр пәтер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Оның сөзіне қарағанда, жартыжылдықта алты млн шаршы метр үй тапсырылған.

***

Биыл Нұрлы жол бағдарламасы бойынша 112 жоба іске асырылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақовтың айтуынша, обьектілерде жұмыс жасап жатқан жұмысшыларды коронавирустан қорғау үшін қажетті шаралар қабылданды.

***

Елімізде Абай күні аталып өтіледі. Үкімет Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл ерекше дата мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Енді Абай күні жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болады.