Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 9:00

Жаңалықтар 9:00
  • Президент жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысын арттыруды тапсырды?
  • Жыл басынан бері елімізде қанша адам жұмыссыз қалғаны белгілі болды.
  • Қазақстандық банк 10 жедел жәрдем көлігін сыйлады.


Қазақстан Президенті білім және ғылым министріне жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастыруды тағы бір мәрте ескертті. Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, оқу жылына дайындық пен бұған дейін министрлікке міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді. Мемлекет басшысы жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігін айтты. Президент педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмсамауды және 2021 жылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды тапсырды.

***

Жыл басынан бері елімізде қанша адам жұмыссыз қалғаны белгілі болды. 2020 жылдың І жарты жылында елімізде 7 652 адам жұмыстан қысқарған. Оған статистика комитетінің мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Қазақпарат. Ал, 2019 жылдың осы аралығында 12,5 мың адам жұмыссыз қалған. Бірақ бұл статистика ғана екенін ұмытпаған жөн.

***

Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі 10 жаңа автокөлікпен толықты. Жамбылдық дәрігерлер мен пациенттер үшін мұндай сыйлықты отандық банктердің бірі жасады. Сыйға берілген көліктер – отандық өндіріс. Оларды "СарыарқаАвтоПром" Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарын ескере отырып, Chevrolet Damas моделі негізінде әзірлеген. Көліктер облыс орталығы мен аудандардағы жедел медициналық жәрдем станцияларына таратылады. Көлік жедел жәрдем бригадасына қажетті барлық затпен жабдықталған. Жиынтыққа жеңіл зембілдер, пульсоксиметр, портативті Өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф енген.

***

Алматыда Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықтың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир арқылы жариялады. «Halyk Arena спорт кешені емханаларда орын жетпеген жағдайда ғана қайтадан ашылады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

***

Қостанай қаласында 4 күн ішінде екі бала үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД сілтеме жасап. Бірінші оқиға облыс орталығындағы 8-ші шағын ауданда болған. 3 жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Құтқарушылардың айтуынша, бала москит торын ұстап тұрған. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлер «жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозын қойған. Екінші оқиға бесінші қабаттан құлаған 2015 жылы туған баламен байланысты. «Баланың ата-анасы жұмыста болған. 4 жастағы қыз өзінен ересек балалардың қасында қалады. Ойнап жүрген ол терезеге шығып кетеді. Москит торы үзіліп кетіп, төменге құлаған. Бірнеше жерден жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.