Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңалықтар 15:00

Жаңалықтар 15:00

Алматыда 70 мыңнан астам мұғалім мен оқушыға компьютер қажет. Қалалық білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындықты бастап кетті. Техникаға қажеттілікті өтеу 5 бағыт бойынша жүзеге асады. Оның ішінде мектептегі компьютерді уақытша қолдануға беру; білім беру ұйымдарының қаражатына немесе Үкіметтің резервтік қорынан қаражат алу арқылы компьютерлік техника сатып алу. «Мұқтаж оқушыларды компьютер, ноутбук және планшеттермен қамтамасыз ету тамыздың соңы мен қыркүйектің басына жоспарланған. Сонымен қатар, интернет желісі нашар аудандарға ұялы байланыс операторлары қосымша антенналар орнатады.  

*****

Ертең Қазақстан командасының АҚШ командасына қарсы халықаралық онлайн-матчы өтеді, бұл шара Ұлттар лигасы 2020 онлайн-жарысының аясында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап. Федерация елдің барлық шахматшысын – әуесқойлар мен кәсіби ойыншыларды «Kazakhstan Chess» клубының құрамында ойын ойнап, республика намысын қорғауға шақырады. Ойынның басталуы: Блиц - Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де. РапИд – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:42-де. Жарысқа қатысу үшін Chess.com платформасында «Kazakhstan Chess» клубына кіру туралы өтінім беру керек. Әрбір матчқа бөлек қосылу қажет. Ойынға қосылу бір сағат бұрын басталады. 

*****

Орал қаласында Hyundai мен жедел жәрдем көлігі соқтығысты, 5 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, оқиға таңертең болған. Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық ауруханасының санитарлық көлігі жеңіл көлікке соғылған. Қазіргі мәлімет бойынша 4 адам жабық бас-ми жарақатын алған. Оған қоса дене мүшелері сынған. Жарақат алғандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Жүргізуші мен фельдшер, сондай-ақ ауруханаға апара жатқан 1957 жылғы ер адам қатты зардап шеккен. 

*****

Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталған шетелдік өмір бойына сотталуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысы арқылы елімізге 400 грамға жуық гашиш кіргізбек болған Ресей тұрғыны шекарада ұсталған еді. Ол М.Жұмабаев ауданындағы «Қарақоға» кеден бекетінде болған. Енді ол 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

*****

АҚШ ғалымдары экологиялық таза өнімнен аяқ киім жасады. Оның ерекшелігі: балдырлардан жасалған және суда толығымен ыдырап кетеді. Биохимия мамандары теңізге түсетін пластмасс өнімдерді азайтуды көздеген. Өйткені теңізде қалқып, кейін жағалауға шығып қалатын қалдықтардың басым бөлігі аяқ киімдер екен. Жаңа өнімге қазір бірқатар компания қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек ғалымдар азық-түлік пен өзге де өнімдерге арналған қораптар шығаруды ойластырып жатыр.