Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Іздеу саламыз!

Іздеу саламыз!

Күдігі пен үміті айқасып, жақынын жылдар бойы іздеген жанның үмітін жалғап тұратын құрал, әрине – хат. Сол хатты тыңдаушыға жеткізіп, жақынын жоғалтқан адамдардың қуанынышына себепкер болып отырған хабар – «Бармысың, бауырым?».


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Бұл фотодағы азаматшаның аты-жөні Жұлдыз Сопбекова, өзінің айтуы бойынша, 1987 жылы туған. Жұлдыз Сопбекованың Қазақстандағы әлеуметтік орталықтың бірінде тұрып жатқанына биыл 10 жыл болды. Туыстарына іздеу саламыз. Қосымша ақпарат үшін: 87075355383- WhatsApp.

Хат қоржыны:

Менің аты-жөнім Бақытгүл Серікжанқызы. Мен Шымкент қаласында тұрамын. Анам Сара Сағымбайқызы Исмаилованы іздеп жүрмін. Анам 1961 жылғы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Анам шизофрениямен ауырыпты, содан кейін әкем төркініне апарып тастаған екен. Бізді әкемнің анасы бақты. Қанша рет полицияға арыз жаздым, бірақ «Отыз жыл бойы табылмаған адамды таба алмаймыз» деген жауап берді. Нағашыларымның айтуы бойынша, анам жүйке ауруына шалдыққан науқастар емделетін ауруханада болуы мүмкін. Әкем Серікжан Керімқұлұлы қайтыс болды. Біз төрт ағайындымыз. Қолымызда бар естелік — осы ескі фото. Анамды табуға көмектесіңіздерші. Анамызды көрмегенімізге 30 жыл болды, анам ауырғанда мен небәрі 5 жаста едім...


***

Мен Әсел Ибраимова туған әкемді іздеймін. Аты-жөні Малик Владимирович, фамилиясы «Төлегенов» болуы мүмкін. Орал жақтың тумасы. Өмірге келгелі әкемді көрген жоқпын. Тауып, танысқым келеді. Әкем қызының барын білмеуі де мүмкін. Анам Күлзайра мен туғанда әкеммен байланысты үзген. Бір білетін ақпаратымыз, әкем 1967 жылы туған, 1989 жылы Алматыдағы Полиция академиясында оқыған.

***

Менің аты-жөнім Эльвира Борисовна Едилова. Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын. Негізі туған жерім Қаратал ауданы Үштобе қаласы,1990 жылы тудым. Әкемді іздеймін. Семей қаласы Жаңғызтөбе деген жерде тұрған, кейіннен қайтыс болған деген естуім бар. Анам тірі кезінде толық мәліметті айтпады. Анамның есімі Ләйлә Көбайқызы. Әкемнің аты-жөні Борис Иванович Маньков. «Бір інісі жол апатынан қайтқан, одан кейін қарындасы бар» дейтін еді анам, бірақ, ол кісілердің есімін білмеймін. Қарындасының ұлты орыс болғанымен қазақ жігітке тұрмысқа шыққан екен. Әкемді ешқашан көрмегем, тіпті фотосын да көрмеппін, өзі тірі болса, тауып, табысқым келеді. Өзі болмаса да туыстармен қауышсам деймін. Құрметпен, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны – Эльвира Борисовна Едилова.

***

Мен Алтынбек Есдәулетов Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған стансасынан хат жазып отырмын. Анамның ағасы Ульядин Болатұлы Болатовқа іздеу саламын. Нағашымыз Украинада әскери борышын өтеді де, сол жақтың қызына үйленді. Қазақстанға соңғы рет 1985 жылы келді. Одан кейін 1997 жылға дейін хат алмасып тұрдық. Осы нағашымызды тауып берсеңіздер. Анам қартайып қалды, ағасын көргісі келеді.  

***

Здравствуйте, редакция передачи «Бармысың, бауырым?». Меня зовут Оксана Юрьевна. Помогите пожалуйста найти отца. Отец —Юрий Анатольевич Марков, 07.03.1951 г/р. Он в 1977 году из Котласа Архангельской области уехал к сестре в город Темиртау (Казахстан) и пропал без вести. Куда только не обращались, ответов нет. Великий Устюг Вологодская область, он там родился. Поехал к сестре в город Темиртау Казахстан, было одно письмо, что он якобы устроился на какой-то ртутный завод, что-то связано с химией, где заправляли кислородные баллоны. Его видели в Великом Устюге, с новой семьёй, когда у его отца сгорел дом, это было после того, когда мы получили 2 извещения на разные даты о его смерти... 2 извещения, как так? И потом его видят жывым и невридимым. Его сестра Вера живёт в Темиртау, девичья фамилия Маркова. С уважением, Оксана Юрьевна из Москвы.


***

Мен Тұрсынғали Қызырұлы Әмірханов, Қарағанды қаласынан хат жазып отырмын. Туысым Нәжіп Мәлғаждарұлы Оразғалиевті іздеймін. Ол менің туған әкем Ешмұхаметтің інісі. Нәжіп 1944 жылы туған, Аягөздегі «Северный» қалашығында әскери қызметте прапорщик қызметін атқарған. 1995 жылдары Қапшағай қаласына ауысты, сол жерде зейнеткерлікке шыққан болар. Біз 1995 жылға дейін хабарласып тұрдық. 1995 жылы анам қайтыс болғанда хабар бердік, ол келе алмады. Одан кейін де көңіл айтып келмеді. Сол уақыттан бері хабарсызбын. Ағамыз Алматы облысы Үшаралда болуы мүмкін. Нағашылары сол жақта еді... немесе Алматы облысында бұрын «Андреевка» деп аталған жерде болуы да мүмкін. Жеңгейдің атын ұмыттым, мұғалім еді. Ағаның екінші әйелінен Нұрлан есімді ұлы бар. Естуімізше Нұрлан әскери қызметте, офицер. Құрметпен, Қарағандыдан Тұрсынғали Әмірханов.


«Бармысың, бауырым?» хабары жоғалған адамға іздеу салады және шыдамды, кешірімді болуды, сағынуды үйретеді. Үміт үзбеңіз, тынбай іздеңіз.  

Хаттарда есімі аталған азаматтар жайлы ақпарат білетіндер болса, хабарласыңыздар, 8-707-53-55-383 нөмірі сіздерден қоңырау күтеді.

ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!