Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Студенттер онлайн компания құруды үйренеді

Студенттер онлайн компания құруды үйренеді

Шымкентте карантин шаралары 12 қазанға дейін ұзартылады. Қаулыға Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қол қойды. Оған сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 28 қыркүйектен бастап 12 қазанға дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылады. Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу,туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі. Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі.

***

Бүгінде студенттерге онлайн компания құру жолдары үйрететін арнайы модуль дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова айтты. «3-4 курс студенттеріне онлайн компания құру жолдары үйретіледі. Студент қай сала бойынша оқу бітірсе де базалық құралдарды қолдана білуі керек», - дейді вице-министр. Оның айтуынша, жеке мәліметтерін жазуға батылдары жетпей, онлайн саудадан бас тартатындар бар. «Өнімін онлайн сататын компанияларда адам туралы жеке мәліметтерді қорғап қалу жауапкершілігі болуы керек. Киберқауіпсіздікті сақтайтын кезеңге де келіп жетеміз», - дейді Әсел Жанасова.

***

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, ҰКП Үкіметпен бірлесіп, Салық кодексі және қосалқы заң актілеріне тексеру жүргізуге қатысып жатыр». Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

***

Қазгидромет 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіні кей жерлерінде жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, қатты жел соғады, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл көтеріледі.