Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

М.Әбенов: Қазіргі экологиялық тәрбие өндіріске пайдасын тигізеді

М.Әбенов: Қазіргі экологиялық тәрбие өндіріске пайдасын тигізеді

Өндірістік компаниялар балаларды қоқысты сұрыптауға үйрете отырып білім саласындағы проблеманы шешіп қана қоймай, оларға экологиялық тәрбие бере алатынын да түсініп отыр. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов осындай пікірін білдірді. Спикер Экология министрлігі қолға алған бірқатар жобаларға тоқталды.

«Ұлттық табиғи парктер ірі компанияларға берілді. Мысалы, Іле Алатауында қонақтарды қабылдайтын орталықтар бар. Олар балаларды жергілікті табиғат ерекшеліктерімен таныстырады. Яғни балалар демалады және біруақытта білім алады. Немесе өндірістік компаниялар. ЭКСПО кезінде қоқысты қайта өңдеу, одан энергия алу сияқты халықаралық деңгейдегі керемет технологиялар әкелінді. Еліміздегі бір ұйым балаларды қоқысты сұрыптап, оны дұрыс пайдалануды үйретеді. Балаларды қоқысты сұрыптауға үйрете отырып, компания оны қайта өңдеу арқылы пайда көреді», - деді М.Әбенов.

Оның айтуынша, балалардың экологиялық білімін қалыптастыру үшін барлығы бірігіп әрекет етуіге тиіс. Әр саланың өз бағыты бар.

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – мәдени сала, экологиялық өндіріс – өндірістік сала, экологиялық білімді қалыптастыру – білім саласына жатады. Ауыл шаруашылығы саласы өз міндетін атқару керек», - деді спикер.