Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдай қаралды

Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдай қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР денсаулық сақтау министрі А. Цой, «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Е. Есқалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ҚР ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр және т. б. баяндады.

Үкімет басшысы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 0,93 құрайды, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар әлемдегі және бірқатар шекаралас елдердегі індеттің тұрақсыздығын ескере отырып, санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейту қажет.

Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктеріне іс-шаралардың 100% дайындығын қамтамасыз етуді, Денсаулық сақтау министрлігіне биылғы 15 қазанға дейін қажетті техниканы, жабдықтар мен қорғаныш құралдарын сатып алып, өңірлерге жеткізуді тапсырды. Ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейту, санитарлық режимнің кез келген бұзушылықтарына жол бермеу тапсырылды. Қазақстан аумағына шетелден келетін адамдарға қатысты санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту шаралары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады.

«Денсаулық сақтау министрлігі “СҚ-Фармация” және әкімдіктермен бірлесіп, медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуын қамтамасыз етсін. Өңірлерде дәрілік препараттардың бағасына бақылау жүргізу қажет», — деді А. Мамин


Дереккөз: primeminister.kz