Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Коронавирус: Шетелден келгендер екі аптаға оқшауланады

Коронавирус: Шетелден келгендер екі аптаға оқшауланады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынды.

«Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз. Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министр дәл осы талаптарды шекаралық бекеттер арқылы елге кіретін адамдарға қолдануды сұрады.


Дереккөз: inform.kz