Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді

Үкімет қаулысымен Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді. Статистикаға жүгінсек, еліміздегі 22 университетте ауыл шаруашылық мамандары дайындалады. Жоғары оқу орны «ұлттық зерттеу» мәртебесін алу үшін он жыл тынбай еңбек еткен. Ректор Тілектес Есполовтың айтуынша, университет әлемдік рейтингте бірінші орын алатын Нидерланды зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алған. Биыл ашылған Қазақстан-Нидерланд орталығы университеттің студенттері мен фермерлерге жеміс-жидек өсірудің қыр-сырын үйретеді. Зерттеу университеті ретінде енді магистр және ғылым докторларын дайындауға басымдық беріледі.

***

Өскемендік тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел-іздестіру шаралары барысында психотропты заттарды жасырын сатып келген ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құқық қорғаушылар 32 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйелді қолға түсірген. Олар осы жылдың қыркүйек айының басында Нұр-Сұлтан қаласынан Өскеменге келіп, психотропты заттарды сата бастаған. «Тінту кезінде күдіктілерден 150 грамм психотропты зат табылды. Бұл – 500 реттік дозаға тең. Олардың бағасы қара нарықта 4 миллион теңгеге дейін жетеді. Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

***

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгін «Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында онлайн семинар өткізеді. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтар бала тәрбиелеу ісіндегі жаңа әдістерді талқылап, тәжірибе алмасады. Онлайн семинар-практикумда мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан дамытуды басқарудағы инновациялық тәсілдер және отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты жетілдірудің жолдары қарастырылады.

***

Алматыда қоғамдық көліктер қалыпты кестемен жүре бастады. Яғни автобустар мен троллейбустар және метрополитен жұмысы таңғы 6-дан басталып, түнгі 11-де аяқталады. Қазір қоғамдық көліктермен қатынайтын жолаушылардың саны күннен-күнге артып келеді. Өйткені қалада карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілген.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ерлер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінде сенсация жасады. Негізгі сетканың бірінші айналымында қазақстандық спортшы әлемнің тоғызыншы ракеткасы Гаэль Монфисті ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Монфис халықаралық рейтингте тоғызыншы келеді, ал Бублик 49-шы орында тұр.