Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Марста көл бары анықталды

Марста көл бары анықталды

Бүгін үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал, жылыту маусымына әзірлік төңірегіндегі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кеңжолақты интернетке қолжетімділікті арттыру тақырыбы айтылды. Қазір коронавирусқа қатысты барлық мәселе шешілді деуге келмейді. Инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін. Қазір Италия, Украина, Германия секілді елдерде соңғы айда ауру саны өскен. Елімізде қазір қауіпсіздік шараларын сақтап, маска киюге тұрғындар құлықсыз. Статистика бойынша, елімізде 104 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған. Үкімет басшысы бүгінгі жиында қауіпті індеттің жаңа толқынына дайындықты жеделдету керек екенін баса айтты. Өйткені коронавирус алғаш таралған уақытта біраз қиындық туындаған еді. Өңірлерде науқастарды орналастыру үлкен мәселеге айналған. Ауруханалардағы орын саны мен қажетті медициналық құрал-жабдықтардың жеткілікті болуын қатаң қадағалауды тапсырды Үкімет басшысы. 

***

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі өңірдерде тұрақтандыру қоры жасақталғанын айтты. Коронавирус инфекциясының екінші толқынында дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды. Қазір өңірлерде медициналық препараттардың екі айлық қоры бар. Сондай-ақ елімізде 3000-нан астам өкпені жасанды желдету аппараты бар. Алексей Цой аппарат санының алдағы уақытта артатынын мәлімдеді. 

***

Алматы облысы Қарғалы ауылында 15 жастағы Ақерке Өмірбаева телефон арқылы сөйлесіп жатқанда қайтыс болған. Әкесінің айтуынша, кешкі астан кейін қызы бөлмесіне кеткен, ал 10 минуттан кейін ес-түссіз жатқаны анықталған. Жедел жәрдем бригадасы көмекке ұмтылғанмен, қыздың жүрегі тоқтап, көзі жарықты сезбеген. "Қуаттағыш арқылы ток жоғары қысыммен өткен және ұялы телефон арқылы оған соққан. Ток қолы арқылы өткенін күйіктен білуге болады. Телефон балқып кеткен. Сарапшылар қуаттағышымен қоса техникалық сараптамаға алған. 

***

Елордада 3 және 4 қазанда Қостанай мен Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. Ол «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда болады. Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады. Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, шұжық, 5 тонна балық жарма және макарон өнімдері, көкөніс пен ұн. Сондай-ақ ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т.б. кіреді. Келушілерден санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен арақашықтықты сақтау, маска тағу талап етіледі.

***

Марста көл бары анықталды. Италия ғалымдары үлкен жерүсті көлінің жанынан тұзды су қоймасының желісі табылғанын мәлімдеді. Зерттеушілер Еуропа ғарыш агенттігінің Mars Express аппаратынан алынған мәліметтерге сараптама жүргізген. Болжам бойынша, көл 20-30 шақырымдай орынды алып жатыр, ал тереңдігі 1,5 шақырымға тең. Көл маңынан үш шағын тоған анықталған, олар негізгі су қоймасымен байланыспайды. Судың болуы Марста немесе оның үстіңгі қабатында микробтардың өмір сүруі мүмкін деген сенімді арттыра түседі. Жалпы, ғалымдар осыдан 4 млрд жыл бұрын Марс жылы әрі ылғалды болған деп санайды. Дегенмен магнит өрісінің жоғалуынан шөлге айналған.