Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үй құстарының иелері тіркелуі қажет

Үй құстарының иелері тіркелуі қажет

Бүгін Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған білім беру мәселесіне қатысты заң жобасын мақұлдады. Құжатта ұсынылған нормалардың бірі – жоғары оқу орындарын білім жетістіктерін мониторингтен босатуға қатысты. Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жоғары оқу орындары бақылаусыз қалмайды. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин 2018 жылдан бастап жоғары оқу орындары заңды түрде академиялық және басқарушылық дербестікке ие болғанын айтты. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап жеке үлгідегі диплом беріле бастайтынын алға тарта келе, білім сапасы үшін жауапкершілік тікелей оқу орындарының өздеріне жүктелетініне баса назар аударды. 

***

Еліміздің барлық өңірлерінің жылыту маусымына қашан қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдарға коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты жылыту маусымын алдын ала бастау туралы ұсыныс енгізді. Осылайша, ағымдағы жылыту маусымы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында басталды. Ақтөбе және Атырау аймағында жылыту маусымын ертең бастау жоспарланып отыр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде бұл жұмыс 15 қазаннан бастап қолға алынады,-дейді министр.    

***

Қазіргі кезде Ақтөбе облысы аумағында блокпосттар жоқ. Ал Ресеймен шекаралас екі аудан аумағында санитарлық-карантиндік бекет жұмыс істеп тұр. Олар: Қарғалы ауданындағы «Әлімбет», Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» шекара бекеті. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның екеуі де симптомсыз. Өңірде барлығы 3246 жағдай тіркелді. Оның 97,9 % жазылып шықты. Қазір үй карантиніне 41 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізіліп жатыр.

***

Алматы әкімдігі құс тұмауының өршуіне байланысты үй құстарының иелеріне тіркеуден өту қажеттігін ескертеді. Қазір Республиканың барлық өңірлерінде, оның ішінде Алматы қаласының аумағында ұсталатын құстарды профилактикалық вакциналау мәселесі пысықталуда. Осыған байланысты «Қалалық ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК құс иелерінен бұл мәселеге барынша байыпты қарауды және осы кәсіпорынның тиісті бөлімінде өз үй құстарын 100% тіркеуді қамтамасыз етуге шақырады. Ол үшін тұрғындар қала аудандарына бекітілген кәсіпорынның ветеринар- дәрігерлеріне хабарласу қажет.