Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

АШ қаржылай қолдау қоры: Шаруаларды несиелендіру аясы кеңейді

Екінші деңгейдегі банктерден несие ресімдейтін шаруалар үшін кепілге мүлік қою өзекті мәселелердің бірі. Шаруалардың несиеге қол жеткізуін арттыру үшін мемлекеттік кепілдендіру механизмі жұмыс істей бастады.

Агроөнеркәсіп саласындағы несиелерді кепілдендіру операторы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Қор инвестициялық жобаларды іске асыру үшін екінші деңгейлі банктер беретін несиені кепілдірудің жаңа механизмін енгізді.

Бұл механизмнің негізгі мақсаты – екінші деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығына несие беруін ынталандыру, банктердің несиелік тәуекелдерін бөлу және агроөнеркәсіп саласын қаржыландырудың тартымдылығын арттыру. 

Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры екінші деңгейлі 5 банкпен арнайы меморандумға қол қойды. 

Биыл шаруалардың несиелерін кепілдендіруге 10 миллиард теңге бөлінген. Бұл банктердің АӨК саласындағы жалпы сомасы 66 млрд теңге болатын жобаларды қаржыландыруларына жетеді.

Айта кетейік, 3 миллиард теңгеге дейінгі сомада несие рәсімдеген шаруалар несие сомасының 50%-на дейін Мемлекеттік кепілдік ала алады.

Кепілдік беру Агроөнеркәсіп кешеніндегі қызметтің барлық түрін, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіретін инвестициялық жобаларды іске асыруға беріледі.

Сонымен қатар, тауарлы сүт фермалары, етті құс шаруашылығы, қарқынды бақтар, жылыжайлар, қант қызылшасын өсіру және қызылша қантын өндіру, жарма өндірісі, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу, өсімдік майы мен май өнімдерін өндіру сияқты кепілдендірілетін басым инвестициялық бағыттар бар.

Толық ақпарат "Аграрлы Қазақстан" хабарының аудионұсқасында.