Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосы эфирінде – Ардагер дикторлар

Қазақ радиосы эфирінде – Ардагер дикторлар

1 қазан Қазақ радиосының хабар таратқанына 99 жыл толады. Мерейтойымызға бар-жоғы бір жыл қалыпты. Елдегі жағдайдан да асып кетпей, елеусіз де қалдырмай радионың атаулы күнін ерекшелеу өткізгіміз келді.

Сонымен бейсенбі кестесіндегі хабарларды толығымен ардагер дикторлар ұсынады.

"Қайырлы таң, қазақ елі!" деп Көпен Әмірбек ағамыз бастап берсе, Бүркіт Бекмағамбетов, Аманжан Еңсебайұлы және Әбдірәлі Бөлебай ел мен әлем жаңалықтарын айтады.

Күләш Молдахметова балалар интерактиві «Тапқыр бала» хабарын, Құсман Игісінов «Түркі әлемі» бағдарламасын әзірлеп жатыр. Нұржан Мұхамеджанова «Армандастар» көңілашар сағатын тізгіндеп, Ұлжан Пармашқызы апамыз "Достық" хабарын жүргізетін болды. Ал ардагер Руслана Құдайбергенова «Ел ағалары» хабарын жүргізсе, Мақат Садық «Түскі шәйда» қонақта.

Балаларды "Айгөлегімен" әлдилеп жүрген Қымбат Әбілдақызы "Біз жанбасақ", Еркін Байғабылұлы "Радиомедицина" бағдарламасын алды. "Қазақ радиосының сандуғашы" атанған Сауық Жақанова "Жырлайды жүрек" поэзия сағатында тілдеспек. Ал біздің бас редакторымыз - Қымбат Досжан "Ақ тілекте" қуаныш иелерін құттықтайын деп отыр.

Осылайша бала күнімізден үні құлағымызға сіңген аға-апа, әпкелеріміз бір күндік жүкті өз мойындарына алып әрі мерейтойлық шараларды бастап бермек. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кезектесіп эфир жүргізеді. "Бізге қымбат дауыстарды" естимін десеңіздер, @qazrado.fm -ді қосып қойыңыздар.