Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Армения Таулы Карабахтың дербестігін мойындауы мүмкін

Армения Таулы Карабахтың дербестігін мойындауы мүмкін
  • Армения Таулы Карабахтың дербестігін мойындауы мүмкін.
  • Атыраудағы мектептердің бірінде 170-ке жуық адам эвакуацияланды. 


Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенді қабылдады. Сенат Төрағасы Қазақстанда бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде Иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және аталған дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Бас раввинді және Қазақстандағы барша еврей қауымын Суккот мерекесімен құттықтады. Сенат Төрағасы ежелден келе жатқан бұл мейрам сенім пен бірлікті арттыратынын және ізгілікті дәріптейтінін тілге тиек етті. Тараптар кездесу барысында осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съездерінің қорытындыларын іске асыру жұмыстарына қатысты пікір алмасып, дінаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев Съездің халықаралық деңгейде мойындалғанын және жаһандық өркениетаралық диалогтың маңызды тетігіне айналғанын айтты.

***

Армения Таулы Карабахтың дербестігін мойындауы мүмкін. Ресейлік ақпарат құралдарының тілшілеріне жауап берген Армения премьер-министрі осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды «Хабар 24». Никол Пашинян бүгінде басты міндет – ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін ерекше айтқан. Ал Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы аясындағы өзара әрекеттесу жөніндегі сұраққа премьер: «қазіргі тұста Армения әскері қауіпсіздікті өз күшімен қамтамасыз ете алады» деп жауап берген. Айта өтейік, Армения және Әзербайжан тараптары жағдайдың ушығуына бір-бірін айыптап отыр. Таулы Карабах өңіріндегі қақтығыстар 4 күн бойы жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін ондаған адам қаза тауып, жүздегені жараланғаны туралы хабарланды. Таяуда Ресей телеарнасына сұхбат берген Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Түркияның бұл жанжалға қатысуын жоққа шығарды. Таулы Карабах үшін Ереван мен Баку арасындағы текетірес 30 жыл бойы жалғасып келеді. Тұрғындарының дені армяндар Карабах 1991 жылы Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған болатын. Осыдан кейін аймақта қақтығыс басталып, тек 1994 жылы Ресейдің араағайындығымен Әзербайжан, Армения және дербестігін жариялаған Таулы Карабах атысты тоқтату келісіміне қол қойды.

***

Атыраудағы мектептердің бірінде 170-ке жуық адам эвакуацияланды. Себебі, шаһардағы білім мекемелерінің біріне жарылғыш қойылды деген ақпарат тараған. Оқиға кеше Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінде болған. 24 жастағы психикалық ауытқуы бар ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, мектеп ғимаратына жарылғыш қойылғаны туралы хабарлаған. Бірақ тексеріс кезінде ештеңе табылған жоқ дейді мамандар.

***

«Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан елдің үздік хоккейшісі ретінде танылды. «Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директораты кеш болса да, 2019/2020 жылғы маусым лауреаты анықталатын дәстүрлі референдумның қорытындысын шығарды. Маусымның үздік хоккейшісін анықтайтын тілшілер референдумында Канаданың 27 жастағы тумасы Даррен Дитц екінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Спортшы өткен жылы Қазақстан азаматтығын алған болатын. Сұрау қорытындысы бойынша сегіз шолушы қорғаушыны бірінші орынға қойса, жетеуі екінші орынға және тағы біреуі үшінші орынға қойған.

Жүргізуші: Бүркіт Бекмағамбет.