Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды

Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды. Онда Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы аясында өткен салтанатты іс-шараларға қатысып, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Мемлекеттік хатшының жұмыс сапары ұлы ойшыл әл-Фарабидің атамекені Отырардан басталды. Қырымбек Көшербаев бұл жердегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен және «Әбу Насыр әл-Фараби руханияты» атты музейдің қызметімен танысты. Сондай-ақ «Арыстанбаб» кесенесіне зиярат жасап, «Ұлы бабалар аллеясын» аралап көрді. Мемлекеттік хатшы Абай мен әл-Фараби ескерткіштерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының және «екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіштерінің ашылуы олардың ұрпақтарының киелі Түркістан топырағына деген құрметі.

***

Қырымбек Көшербаев өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауымен Түркістан әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан тың серпін алып, түркі әлемінің маңызды рухани орталығы ретінде қарқынды жаңғырып келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге Мемлекеттік хатшы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Оқушылар сарайы мен Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады және «Ақжайық» музыкалық мектебінде болды.

***

Шымкенттегі темір жол бойында болған апат салдары қалпына келтіріліп, қозғалыс реттелді. Бірер сағат бұрын алғашқы пойыздар шойын жолмен сапарын жалғастырды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде 13 жүк вагоны жолдан шығып кеткен еді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Абырой болғанда вагондардың барлығы бос. Қайтыс болған немесе зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша Алматы-Шымкент, Алматы-Ақтөбе , Ақтөбе-Алматы, Қызылорда-Петропавл және Қызылорда-Көкшетау бағыттары бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұрған болатын. Айта кетейік, Шымкент қаласы арқылы өтетін 7 жолаушылар пойызының тоқтап тұруына байланысты әкімдік жақын станцияға тоқтаған Манкент Қызылсайдағы жолаушыларға автобус ұйымдастырып қалаға жеткізді.

***

Елордада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жәрмеңкеге «Магнум» ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтағыдан 10-15% төмен. Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары ет және сүт өнімдерін әкелген. Түйетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары ұсынуда. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бірінші және жоғары сұрыптағы ұн, рапс және күнбағыс майын жеткізген. Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары сатып жатыр. Атап өтілгендей, жәрмеңке 24-25 қазан күндері өтеді. Өңірлерден азық-түлік өнімдері тікелей тауар өндірушілерден делдалсыз ұсынылуда.