Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Интернеттегі алаяқтардан сақтаныңыз

Интернеттегі алаяқтардан сақтаныңыз

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде, ұялы телефонының байланыс қосымшасында, ғаламтордағы сауда-саттық кезінде алданатындар көбейді. Әрине. Ақпаратық технологияның дамығын заманында мұндай жайттардың болуы заңдылық. Деседе, интернеттегі алаяқтарға алданып, ақшасын кері қайтара алмай жүргендерді жиі кездестеріміз. Тіпті факт тек жасөспірімдер емес, көзі ашық ересек азаматтардың да арасында орын алады. Мәселен соңғы үш жылда Республика көлемінде мұндай қылмыс екі есеге өскен. Ал, тек биылғы жылдың өзінде екі мыңға тарта алаяқтық ашылған. 

Ішкі істер министрлігі тарапынан 2000ға жуық қылмыс ашылған. Алайда өзінің көздеген әрекетін жүзеге асырып, ұстатпай кетіп жатқан алаяқтар қаншама. Әсіресе осындай алаяқтық қылмысы бойынша Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.

Рас, Қазір әлеуметтік желіні ашсаңыз, түрлі ұтыс ойындары мен конкурстардан көз сүрінеді. Аз ақшаға қомақты жүлде алудан үмітті қарапайым халық ұтыс ұйымдастырушыларының бар талабын орындауға дайын. Тіпті Ватсап, Телеграм сынды желілерде адамның жеке парақшасына шығып арбайтындар да жиі кезедесді.

Ия, Қазір ғаламторды түрлі мақсатта қолданатындар көбейіп барады. Өзінің арам ниетін жүзеге асыру үшін олар сан түрлі қитұрқы әрекеттерге барады. Ғаламтордағы алаяқтарға алданбас үшін, ең алдымен, барлық адам сауатты болуы керек. Әдетте сенгіш, арзан дүние көрсе дереу сатып алуға дайын тұратын жандар олардың басты нысанасы. Сұраса, жеке куәлігінің нөмірін беріп, банк карточкасын суретке түсіріп жіберетін жандар ғаламтор алаяқтарының құрығына бірінші кезекте ілінеді. 

Құқық қорғау органдарының айтуынша «Мұндай қылмысты ашу қиын, сондықтан сақтық шарасын күшейту керек. Алаяқтар әлемнің кез келген түкпірінде отыруы мүмкін. Жақында 50 елорда тұрғынының банк карточкасынан 2,5 млн теңге жымқыру дерегі тіркелген еді. Зардап шеккендердің көбі зейнет жасындағы азаматтар. Алаяқтар желідегі хабарландыру арқылы «сауда жасаймыз» деп карточкасының құпия кодын біліп алған.

Айта кетейік, банктер болсын, құқық қорғау орындары болсын, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, жеке мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін «біздің кез келген бөлімшемізге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін. Өйткені телефон арқылы ондай мәселелер шешілмейді. Сондықтан алаяқтың арбауына түсіп қалудан сақтану керек.