Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шығыс Қазақстан облысында пульмонолог мамандар тапшы

Шығыс Қазақстан облысында пульмонолог мамандар тапшы

Елордада газ баллондарын пайдаланатын қоғамдық тамақтану орындары тексеріле бастады. Ведомствоаралық комиссияны қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен басқарады. 21 қарашада кафеде газ баллонының жарылуы салдарынан 30-дан астам адам зардап шегіп, екі адам көз жұмған болатын. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық жағдайды жасауда, тексерулерге мораторий жарияланды. Бірақ ШОБ нысандары өз тарапынан барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс,-делінген әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында. Егер жоспардан тыс тексеру барысында бұзушылықтар анықталса, иелеріне айыппұл салынып, қатаң жаза қолданылады. Ал өткен аптада кафедегі жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

***

Алматыда кесілген ағаштар туралы іс бойынша негізгі күдікті анықталды. Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, ол- аумақты абаттандыруға шарт жасасқан және жұмысшыларды жалдаған Жеке кәсіпкерлік басшысы. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбады. Анықталғанындай, оталған ағаштар Қызыл кітапқа еңгізілген. Қазір Қылмыстық іс тергеу сатысында.

***

Алматы қаласында тағы бірнеше ағаштың заңсыз кесілгені анықталды. Бұл жолы «Көктем-2» шағынауданында яғни, Тимирязев көшесінің бойында орналасқан «KFC» жылдам тамақтану желісі маңындағы төрт қарағаш отылған. Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, аталған мекенжай бойынша ағаш кесуге өтініш түскен жоқ және ешқандай рұқсат берілмеген. Қазір жер учаскесінің иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды және заңға сәйкес 15 АЕК айыппұл салынды. Өтемақы ретінде ол жалпы пайдалану орындарында 40 жапырақты көшет отырғызатын болады.

***

Шығыс Қазақстан облысында пульмонолог мамандар тапшы. Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Владимир Лидің айтуынша, бүгінгі таңда Шығыс өңірде барлығы 13 пульмонолог жұмыс істеуде. Медициналық мекемелерге дәл осындай 7 маман жетіспейді. Жалпы, жұқпалы аурулар стационарларында коронавирусқа қарсы күреске инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, пульмонолог, жалпы практика дәрігері, терапевт және кардиолог мамандары жұмылдырылған. Сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да саладағы дәрігерлер тартылуы мүмкін», – деді Владимир Ли.

***

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне бақылау жүргізу мақсатында Saqbol атты мобильді қосымша жұмысын бастады. Қосымша Google және Apple компаниясының індет жұқтыру қаупіне қарсы хабарлама жүйесін пайдалана отырып, індет ошағын табу мақсатында жасалған. Мәселен, ПТР-тесттен өткен соң, пайдаланушының ұялы телефон нөміріне 10 таңбалы коды бар SMS хабарлама келеді. Оны тест нәтижесін білу үшін Saqbol қосымшасына енгізу керек. Егер қосымша пайдаланушысының коронавирус жұқтырғаны белгілі болса, ол өз бағдарламасындағы хабарлама функциясын іске қоса алады. Бұл қадам соңғы 14 күнде вирус жұқтырған адаммен байланыста болған мобильді қосымшаны қолданушыларға ескерту жолдайды.

***

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Заңгер, қайраткер Бекет Тұрғараев бастаған бастамашыл топ осы ескерткіштің орнатылуына мұрындық болған. Аймақта шертпе күйдің шеберін мәңгілік есте сақтау бағытында біршама жұмыстар атқарылған. Созақта батырлар аллеясына ескерткіш мүсіні қойылып, осындағы орта мектеп Сүгірдің есімімен аталады. Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония жанындағы оркестрге Сүгірдің есімі берілді. Алда да осы сияқты жұмыстар жалғасын табады, - деді Бекет Тұрғараев.