Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 15 832 шетелдік жұмыс істеп жүр

Елімізде 15 832 шетелдік жұмыс істеп жүр

«Павлодар облысында Биыл 1000 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты. Сонымен қатар, оның айтуынша 205 мың ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады. Жыл соңында көлемі 346 мың шаршы метр болатын баспана пайдалануға берілмек.

***

20 қарашадағы мәлімет бойынша 513 мың жеке тұлға салық рақымшылығы мүмкіндігін қолданды. Олар 6,9 млрд теңге көлеміндегі берешегін өтеді. Көлік салығының өсімпұлын төлеуден құтылғандардың саны көптігі жағынан Алматы қаласының тұрғындары алда. Олар 1,2 млрд теңге қарызын төледі, 117,8 млн теңге болатын өсімпұл есептен шығарылды. Жер салығы бойынша 63,6 млн теңге қарызын төлеген Шымкент қаласының тұрғындары 7,2 млн теңге өсімпұл төлеуден босатылды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мүлік салығы бойынша өсімпұлды есептен шығару көрсеткішінде рейтингіні бастады. Естеріңізге сала кетейік, Салық рақымшылығы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

***

Маңғыстауда 167 отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша полицияның есебінде тұр. Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың мәліметінше, отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғалары ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі. Тұрмыстық кикілжің салдарынан зейнеткерлер де зардап шегеді. « Осы жылдың 11 айында 2 441 қорғау ұйғарымы шығарылды. Полиция қызметкерлері мұндай отбасылардың жағдайын қалыпқа келтіріп, заңсыз әрекеттердің қайталануын болдырмас үшін үнемі қадағалап отырады. Әсіресе, профилактикалық шаралар көптеп ұйымдастырылады», -деді ол.

***

1 қарашада жасалған мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 15 832 шетелдік жұмыс істеп жүр.

Таратылған ақпаратқа сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 770 жұмыс беруші бар. Оларда 455 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшы санының 96 пайызы. 

Еңбекші мигранттар Қытай – 3 459 адам, Өзбекстан – 1 693 адам, Түркия – 1 621 адам, Үндістан – 1 145 адам, Ұлыбритания – 1 038 адам», елдерінен келеді делінген хабарламада.