Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елорда әкімі спорт федерациялары басшыларымен кездесті

Елорда әкімі спорт федерациялары басшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан әкімінің спорт федерациялары басшыларымен кездесуі барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде спортшыларды спорт нысандарымен, спорттық медициналық мекемелермен киім-кешекпен қамту және т. б. талқыланды. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

"Қала тұрғындарына спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасай отырып,кәсіби федерацияларды да қолдау қажет. Спорт федерацияларының басшыларымен кездестім. Бұл жеңіл атлетика, велосипед спорты, үстел теннисі, тхэквондо, шайбалы хоккей, футбол, баскетбол, каратэ-до және шығыс жекпе-жегі, садақ ату, арбалет және дартс, гандбол және т. б.

Бірқатар мәселелер, соның ішінде спортшыларды спорт нысандарымен, спорттық медициналық мекемелермен киім-кешекпен қамту және т. б. талқыланды.

Спортшыларды даярлауда дайындық орны мен жабдықтар үлкен рөл атқарады. Жақында ашылған жеңіл атлетикалық манеж заманауи базада бірнеше мықты әрі табысты атлетті дайындап шығаруға мүмкіндік береді. Қалада спорт нысандары жеткілікті, спортшылар жаттығу үшін спорт нысандары базасында қосымша сағаттар бөлеміз. Қала аудандарында спортпен айналысуға жағдай жасау үшін төрт ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Көтерілген мәселелер жоспарға алынды", - деп жазды Алтай Көлгінов.