Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада жаңа емхана ашылады

Елордада жаңа емхана ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында биыл жаңғыртылған емхана ашылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ғимарат жеке инвестиция есебінен салынатынын мәлім етті.

«Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Онда аймақтар "лас" және "таза" деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және т. б. орнатылған.

Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді.

Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз.

Сонымен бірге, дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға бардым. Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынды. Жеке инвестиция тарту - нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына тартамыз. Бұл әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға - әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз», — деп жазды қала әкімі.