Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда

1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда

Неліктен телефон арқылы зейнетақы жинақтарын алуға өтінім беруге болмайды? Бұл сұраққа Instagram-да өткен тікелей эфир кезінде «Отбасы банк» АҚ сату және аймақтық даму департаментінің директоры Рахиля Балтабаева жауап берді. Өкінішке орай, Nclayer сертификаты смартфондарда жұмыс істемейді. Ұялы телефоннан сайттың тек бірінші бетіне өтуге болады. Ол жерде мақсаттармен және қандай құжат қажет екенімен танысу керек. Ал келесі әрекеттерді компьютерден растау қажет. Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдануға арналған онлайн платформада ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалану үшін Nclayer сертификаттарын орнату қажет,- деді Рахиля Балтабаева. Оның айтуынша, сайт қазір жұмыс істеп тұр. 3 сағаттың ішінде 5 мыңға жуық өтінімдер келіп түскен.

*****

Мектеп директорларының жалақысы көбеюі мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдермен кездесу барысында талқылағанын өзінің Facebook парақшасына жазды. Оның сөзінше, кездесуге қатысушылар орта білім беруді дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтқан. Әдіскерлердің рөлін арттыру, ротация институтын енгізу, білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды күшейту, оларды тағайындау және аттестаттау тәртібін өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Ұстаздар «білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес», - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, жүктелетін міндет көп, артылатын жауапкершілік жоғары. Осыған байланысты мектеп басшыларын тағайындау және олардың жалақысын арттыру бойынша енгізілетін өзгерістер туралы айттым, - дейді министр. Жиынға қатысушылар педагог мәртебесі артып, жалақының айтарлықтай көтерілгенін алға тартқан.

*****

Кеше ел аумағына шетелдерден 18 халықаралық әуе рейсі келді. Елімізге ұшып келген 1 944 жолаушының ішінде 340 адамның қолында ПТР анықтамасы болмаған. Олардың барлығы COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Ал 21 қаңтарда анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екіншісі Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген.

*****

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде халықтың белгілі бір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда. Осы ретте, Ақмола облысында 2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен барлығы 92 840 адамға екпе салынбақ. Аймақтық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, бірінші кезеңде вакцина жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, жансақтау, бастапқы медициналық санитарлық көмек бөлімшелерінің, аурухананың қабылдау бөлмелерінің, санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің 7 мыңға жуық қызметкеріне салынатын болады. Наурыздан бастап екінші кезең басталады. Бұдан соң жалпы білім беретін мектептер мен университеттердің мұғалімдері мен оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметтердің қызметкерлері егіледі. Сәуір айынан бастап вакцинаны мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – барлығы 10 368 адам ала бастайды. Осы ретте, ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылады», – деді Айнагүл Мусина. с

*****

Жексенбі, 24 қаңтарда таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz. Абу-Дабиде өтетін спорт шарасында жерлесіміз швед спортшысы Амир Альбазимен кездеседі. Бұл жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 05:00-ден кейін басталады. Тікелей эфир UFC ресми сайтында көрсетіледі.