Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды

Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1480 адамнан коронавирус анықталды. Өңірлер бойынша ең көбі Ақмола аймағында 219 адамнан , Павлодар облысында 217 және Нұр-Сұлтан қаласында 211 адамнан індет расталды. Сондай ақ науқастар еліміздің барлық аймағында тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 178454 ке жетті. Оның ішінде 160313 адам жазылды. Күні кеше 827 науқас вирустан емделіп шықты.

***

Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты. Оған сәйкес, аймақтағы ХҚКО-лардың жұмысы реттелді. Енді олар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі және жексенбі күндері жабық болады. Бұл ретте азаматтарды қабылдау электрондық үкімет порталы немесе call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы жүзеге асырылады. Қаулы сондай-ақ, Ақмола облысының қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне өз аумақтарында карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде дербес шешім қабылдауға құқық береді.

***

Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары тапсырысты жеткізу немесе өзімен бірге алып кету режиміне ауыстырылады. Сауда орындары, таксилер мен қоғамдық көліктерде санитарлық дезинфекция күшейтіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9-дан 18.00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы қызмет көрсетеді және сенбі, жексенбі, мереке күндері жабық болады. Мұндай шектеулер өңірдегі эпидемологиялық жағдайдың нашарлауына және ауру көрсеткішінің артуына байланысты енгізіліп отыр.

***

Қарағанды қаласында тәулігіне 10 мыңға дейін қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды, деп жазды «Хабар 24». Бір ерекшелігі, ондағы қызметкерлердің тең жартысы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Басшылық жақында ғана Қытайдан құрылғы сатып әкелген. Алдағы уақытта айлық өнімді 1 млн-ға жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады.

***

Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды. Бұл тұрғыда Алматы қаласы (4 434), Түркістан (4 009) және Шығыс Қазақстан (1 126) облыстары көш бастап тұр. Жалпы, өткен жылы маскалық режимді бұзғаны үшін 15 613 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, карантиндік шараларды бұзған ел тұрғындарына 2,2 млрд теңге сомасына айыппұл салынды, - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі. Айыппұл төлегендердің басым көпшілігі Түркістан облысында (5 014), Алматы қаласында (4775) және Шығыс Қазақстан облысында (1 831) тіркелді. Бұл тізіидегі соңғы орындарда Маңғыстау (204), Павлодар (523) және Жамбыл (590) өңірлері тұр.

***

Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады, деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде «көзге түспей тұратын» аймақтар болмауы тиіс. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ведомствоның алқа отырысында осылай деді. Бүгінде түзету мекемелерінде тиісті тәртіп қамтамасыз етілген. Қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін 2 колония жабылды. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсартылды. Басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылған. Алайда, министрдің пікірінше, бұл жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу жолдарын түбегейлі өзгерту талап етіледі. Атап айтсақ, ҚАЖ мекемелерінің аумағында өнеркәсіптік аймақтарды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы дамыту мәселелерін пысықтау жоспарлануда.