Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет қаржыландыратын фильмдер тек қазақ тілінде болады

Мемлекет қаржыландыратын фильмдер тек қазақ тілінде болады

Қазақ радиосының «FILMFAN» хабарына «Ұлттық киноны қолдау орталығы» Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Арман» кинотеатрлар желісінің атқарушы директоры Бауыржан Шүкенов пен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Қанат Төребай Алматыдан телефон арқылы байланысқа қосылып, киноорталықтың жоспарлары, жаңалықтары мен отандық киноиндустрия  жайында сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды.

  • Питчинг құрамында былтыр өңкей орыстілді мамандар болғанын білеміз. Тіпті, үш қазақтілді режиссер жоба презентациясын қорғау кезінде тілдік қиындықтар болғаны белгілі. Тек Салтанат Еркін есімді анимация режиссері ғана қазақша сұрақ қойып, орысшаға тәржімалаған. Биыл кімдер болмақ? Жоба қай тілде ұсынылса, сол тілде қорғауға болатын шығар?
  • Қазіргі уақытта киноорталықта питчингке өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Құжат тапсырудың басты ережелері қандай? Былтырғыдан өзгерістер бар ма?
  • Киноорталықтың түсірілетін фильмге қоятын талаптары қандай?
  • Соңғы кезде 2019 жылы қабылданған «Кинематография» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет-ақ дегенді жиі естиміз. Заңнамада қандай өзгерістер болады?
  • Елімізде «Бірегей кинобилет» жүйесі пайда болады деген сөз бар. Бұл тарапта қандай жұмыстар атқарылуда?
  • Жақында киноорталық пікір алмасатын платформаны іске қосты. Негізгі мақсаты отандық кино саласының мәселелерін талдау. Бұл платформаны құру идеясы қайдан пайда болды?
  • Сіз «Арман» кинотеатрлар желісінің атқарушы директоры ретінде нарықтағы негізгі мәселелерді атасаңыз.
  • Пандемия кино саласына оң әсер еткен жоқ. Отандық киноиндустрияның тұралап қалмауы үшін қандай шаралар қабылдау жоспарда бар? 

Эфир қонақтары осы және өзге де сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берді. Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізгендер: Жадыра Жұмакүлбай және Нұртас Нұрғали.