Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алтын орда тарихы экранизацияланбақ

Алтын орда тарихы экранизацияланбақ

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында отандық киноиндустрияға тарихи киноға мән беруді тапсырды. Мақаланың ізін ала "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" Алтын орданың тарихын экранизациялауға арналған тұжырымдамаға кірісіп кетті.

Орталық арнайы сценарист, режиссер, тарихшы, этнографтардан құрылған арнайы комиссия құрды. Фильмнің шығармашылық тобы әлі нақтыланған жоқ. Бұл туралы "Қазақ радиосының" "FILMFAN" бағдарламасына қатысқан орталық төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Қанат Төребай мен режиссер Рүстем Әбдіраш кеңінен айтты. 

Қаншама фильмге продюсерлік еткен Қанат Әшірбекұлы осы уақытқа дейінгі тәжірибесіне сүйеніп, шетелдік әріптестермен хабарласып, Алтын орда туралы жобаға инвестиция тарту үшін келіссөздер жүргізуді бастап кеткендігін 

айтса, Рүстем Жарасқанұлы "Қазақ хандығы" жобасында кездескен кедергілер мен ұйымдастыру жұмысындағы олқылықтар қайталанбас үшін, жан-жақты сақадай сай болуы көздейді. Екі спикер де "бұл тек қазаққа ғана тән жоба емес, түркілерге, қала берді, Алтын Ордаға қатысы бар барлық елге ортақ жауапты жоба болмақ" деп түсіндірді. Ортақ мүдде үшін отандық кино саласындағы әр маман қызғанышқа жол бермей, аяқтан шалмай, ауызбіршілікпен күш жұмсау керектігін баса айтты ұлттық кино жанашырлары. 

Бағдарламаның аудио нұсқасын мына жерден тыңдай аласыз