Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 09.04.2021

Қорытынды жаңалықтар 09.04.2021

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша мұрағат материалдарының арнаулы қоры құрылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Бүгінде мұрағаттарда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мыңнан астам мұрағаттық іс сақталған. Бұл бізде енді ғана басталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана екені сөзсіз. Аталған қор мемлекеттік комиссия қызметінің аясында құпия белгісі алынан құжаттармен толықтырылып отырады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары. 

*****

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытында жұмыс істейтін ғалымдар бекітілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Министрлік осы мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде бекітілді. Бұл мақсатқа академиктер, ғылыми зерттеу институттарының жетекші ғалымдары, еліміздің өңірлерінде орналасқан жоғары оқу орындарының қызметкерлері жұмылдырылып отыр. Жалпы мемлекеттік комиссияның алдында бірнеше нақты міндеттер бар. Біріншіден, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру мәселесі. Екіншіден, жазықсыз сотталған және саяси қуған-сүргінге ұшырағандарды ақтау процестерін ғылыми зерделеу. Сонымен қатар жабық мұрағаттардағы материалдардың зерттеушілерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету. 

*****

Қазақстандықтар 1 трлн теңгеден астам зейнетақы жинақтарын пайдаланды және басқарушы компанияларға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіше, салымшылар 1 трлн. теңгені тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдаланған. Алынған соманың шамамен 33,5% тұрғын үйді ипотекасыз алуға, шамамен 30% - ипотекалық қарызды өтеуге жұмсалған. Өтініштердің басым бөлігі Маңғыстау облысы, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарынан келіп түсті. Ал емделу үшін ел тұрғындары 3,5 млрд теңгеден астам қаржыны алды. Емделу үшін зейнетақының бір бөлігін алғандардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары. 

*****

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап банкет залдары; - театр, кинотеатрлар; облысаралық (қалаларалық) ауданаралық тұрақты автобустар қозғалысы, - спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге, - білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер, құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа дүкендер қызметіне тыйым салынады. 

*****

Маңғыстау өңірі «сары аймаққа» кірді. Карантиндік шектеулерге қарамастан вирус жұқтырған адамдар көбейіп барады. Бір тәулікте өңірде 43 коронавирус дерегі тіркелген. «Жағдайдың ушығуына халықтың қоғамдық орындарда бетперде тақпауы, отбасы отырыстарына топталып баруы себеп болды», - дейді эпидемиологтар. Аурудың таралуын тежеу үшін вакцина егу шаралары жүріп жатыр. Сәуірдің соңына дейін Қарағандыда өндірілген «Спутник V» препаратының 40 мың данасы жеткізіледі. Алдағы уақытта тағы 70 мың доза келуі тиіс.

*****

Солтүстік Қазақстан облысы да «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы күндері өңірде коронавирус індетін жұқтыру дерегі артқан. Өткен тәулікте қауіпті індет 49 адамнан анықталды. Осыған байланысты облыста карантин талаптары күшейтіледі. Балабақшаларда тек кезекші топтар жұмыс істейді. Ұжымдағы жұмысшылар саны 15-тен асса, олардың 50%-і қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Жаңа қаулы 12 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұдан бөлек, бильярд, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметі тоқтатылады. Еске алу жиындарын өткізуге болмайды. Ал спорттық шаралар көрерменсіз өтуі тиіс. Қоғамдық моншалардың, сауналардың қызметі жексенбіде тоқтатылады. Ал театр мен кинотеатрларда халық саны 20%-тен аспауы тиіс.

*****

Рамазан айы кезінде елорда тұрғындары садақа беру және ауызашар жеткізу мәселелері бойынша 109 нөміріне хабарласып, кеңес ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласының Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлім етті. «Елорда мешіттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты құптан, тарауық намаздары мен жұма намаздары өткізілмейді. Сондай-ақ ауызашарды ұжымдық түрде өткізуден бас тартуды сұраймыз», - деді басқарма басшысы. Оның сөзінше, Дін істері басқармасы мемлекеттік органдармен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдарымен бірлесіп Рамазан айына тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде. «109 орталықтандырылған нөмірі арқылы елорда тұрғындары мен қонақтары Рамазан айын өткізу және жалпы дін мәселелері бойынша өз сұрақтарын қоя алады. 

*****

Елорда ауруханасындағы ерекше ота науқас өмірін сақтап қалды. Екінші көпбейінді қалалық аурухананың хирургтері пациенттің тік ішегіне ота жасаған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады. Ерекше ота медицина тілінде Кения-Майлс отасы деп аталады. Пациент 10 күн бойы өзін нашар сезініп, үйде болған. Ауыр жағдайда, ішектен қан кетіп, шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Қабылдау кезінде науқаста тік ішектің циркулярлық қатерлі ісігі анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының штаттан тыс хирургі Батыр Айтмолдинның басшылығымен шұғыл түрде консилиум өткізіліп, ота жасау туралы шешім қабылданған. Хирургтер 3 сағат бойы осы күрделі отаны жасап, науқастың өмірін сақтап қалды.

*****

Жүзуден Қазақстан ерлер құрамасы аралас эстафетадан Қазанда өтіп жатқан Ресей ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. Төрт спортшыдан құралған ел командасы іріктеу кезеңінде үздік көрсеткішті тіркеді. Аталған жарыста Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Александо Варакин және Әділбек Мусин қорғап жатыр. Финал бүгін сағат 21:32-де басталады.