Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді

Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қосымша 1,2 млрд теңге бөлінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады. «Қазақстан аумағында ақпанның аяғында және наурыздың басында ауа райы нашарлады және еліміздің шамамен 10%-ын әлі де қар басып жатыр. Бұл негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай облыстары және Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандары», - деді министр. Ол ақпан айының басынан бастап ТЖ жөніндегі комиссия отырыстары, оның ішінде Үкімет отырыстары өткенін, онда нақты іс-шаралар айқындалғанын және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша тапсырмалар берілгенін айтты.

*****

Көктемгі су тасқынымен күресу үшін Аршалы ауданына Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ, Қарағанды облысынан әскери бөлімнің күштері көмекке жіберілді7 Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқыны бойынша жағдай қазір Целиноград, Аршалы аудандарында күрделеніп отыр. №42 Разъезд стансасы және Жібек жолы ауылы көшелеріндегі елді мекендерді су басу мүмкін. Қазіргі кезде, бұл елді мекендерде құтқарушылар су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

*****

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Семей қаласы көш басында тұр. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір бүгіннен бастап «сары» аймаққа кірген. CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының қамтылу пайызы – 6,2. «Вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бірінші орында – Семей (39) тұр. Одан кейін Өскемен қаласы (25) делінген ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада. Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда карантиндік шектеулерді қатаңдату шаралары 5 күн ішінде жүргізіледі.

*****

Жыл басынан бері астананың дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 4,6 млрд теңге жұмсалған. « Бұл жобада сегіз кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мәслихат отырысында бағаны ұстап тұруға қосымша 1,2 млрд теңге мақұлданды. Бұл берілген келісімшарттар. Біз тікелей фермерлермен жұмыс істей бастадық. Бұрынғы механизмнен біртіндеп бас тартып жатырмыз», - деді қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

*****

Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдындағы автотұрақ алынып тасталады. Бұл туралы «Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн-таныстырылымы барысында айттылды. «Алматыға «Жасыл қала» мәртебесін қайтару үшін біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Сол себепті, ҚР Тұңғыш Президенті саябағының алдындағы автотұрақты алып тастау туралы шешім қабылданды. Ол жерде жасыл аллея пайда болады. Жарық тартылып, орындықтар қойылады» - деді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов. Сонымен қатар, қалада 9 жаңа саябақ ашылмақ. Айта кетейік, биыл Алматыға 350 мың түп тал отырғызу жоспарланған.