Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл алғаш рет мемлекеттік спорт тапсырысы енгізіледі

Биыл алғаш рет мемлекеттік спорт тапсырысы енгізіледі

Биыл ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетігін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Ол ауылдарда қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50 пайызын субсидиялауды көздейді. Бұл ауылдық жерлерге жас кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Бастаманы агробизнес бірнеше рет көтерді және Үкімет оны қолдап отыр», - деді Сапархан Омаров. Министрдің атап өтуінше, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту көбінесе ауылдық аумақтарды, оның ішінде ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қолдау жөніндегі бағдарламалардың тиімді іске асырылуына байланысты.

*****

Ғылыми дәреже қорғаушылардан диссертацияның қазақ тіліндегі нұсқасы талап етіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бізде диссертациялар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қорғалады. Бұдан былай орыс және ағылшын тілінде қорғалған диссертациялар қазақ тілінде де қолжетімді болуы керек», - деді ведомство басшысы. Министр қазіргі эпиемиологиялық жағдайда ескеріп, диссертацияны онлайн режимде қорғау тетіктері де қарастырылғанын атап өтті. «Жалпы өте үздік мақалалар жариялап, онысын диссертациялық кеңеске ұсынған адамдарға диссертацияны жазбай, осы мақалалар арқылы да ғылыми дәрежелерді қорғау мүмкіндігі жасалып отыр. Ол үшін диссертациялық кеңес тиісті шешім қабылдауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов. 

*****

Биыл алғаш рет мемлекеттік спорт тапсырысы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін 1 719 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар ауылдарда 881 спорт нысанын салу және 838 спорт нысанына жөндеу жүргізіледі. Нәтижесінде 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларының саны ауылдық жерлерде 66,5 мың дейін жеткізіледі», - деді Ақтоты Райымқұлова. 

*****

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы вакцина салу көрсеткіштерін айтып берді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакциналау жоспарланған», - деді спикер елорда әкімдігінде өткен брифингте. Бүгінгі таңда елордада 65 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Бұл медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар және екпе салдырғысы келген азаматтар. Дәрігердің айтуынша, вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар тіркелмеген. 

*****

УЕФА Суперлига атты жаңа турнирге қатысам деушілерге қатаң ескерту жасады. Бұл жарысқа 12 клуб қатысуға келісім берген. УЕФА, АПЛ, Корольдік испания футбол федерациясы (RFEF) және Ла Лига, Италияның А сериясы біріге отырып, Суперлиганың ресми бекітілуіне қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде бұл жоба бірнеше клубтың жеке мүддесі үшін құрылғаны айтылған. Мұның алдында ФИФА және алты конфедерация жария еткендей, жаңадан құрылған Суперлигаға қатысушы клубтар еуропалық немесе әлемдік деңгейдегі кез келген басқа жарысқа қатысуға, ал футболшыларына ұлттық командаларының атынан ойнауға тыйым салынады.