Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Министр Президентке ведомство жұмысындағы бірқатар оң үрдістер жайында айтты. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, биыл қылмыс деңгейі 13 пайызға қысқарған, тонау, ұрлық және бұзақылық 37 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа есірткі қылмысына қарсы күрес туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші тоқсанда полицейлер 860 есірткі қылмысын анықтап, синтетикалық заттар жасайтын 8 зертхананы жойған, 1 тоннадан астам есірткі тәркілеген.

Министр Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы, оның ішінде, «қол жетімді полиция» қағидатын қамтамасыз ету және учаскелік инспекторлар қызметін реформалау жайында ақпарат берді.

Ерлан Тұрғымбаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат санының тиісті нормаларға жеткізілгені, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық істерді жүргізу бойынша тергеуші әйелдердің мамандануын кезең-кезеңімен енгізу туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Президент жеке құрам мен ведомствоның ақпараттық саясатының жұмысын жетілдіру қажет екеніне назар аударды.