Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров

Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР-ның 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық өсу қорытындысы туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Биыл қаңтар-сәуір айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайып, 831,2 млрд теңгені құрады.

«Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,3%-ға, сүт 3,4%-ға өсті», — деді С. Омаров.

Бұл ретте, 44,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 100% құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын 4 облыста: Ақмола (114%), Қарағанды (104,5%), Павлодар (104,1%) және Жамбыл (103,1%) облыстарында байқалды. Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,9%-ға өсіп, 673,6 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, қызылша қантын өндіру көлемінің 28,9%-ға, өңделген күріштің 23,7%-ға, сары майдың 23,3%-ға, жарманың 21,7%-ға, өсімдік майының 15%-ға, ұнның 11,4%-ға, ірімшік пен сүзбенің 9,6%-ға, өңделген сүттің 3,7%-ға артқаны байқалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 66,1%-ға ұлғайып, 163,2 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 37,3%-ға артып, 28,4 млрд теңгені құрады.

«Жалпы министрлік жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдауда», — деді ауыл шаруашылығы министрі.


Дереккөз: primeminister.kz