Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы әкімі селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді

Алматы әкімі селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев жұмыс сапары барысында Аюсай өзенінің сағасынан төмен Ақсай мен Үлкен Алматы өзендері бассейндеріндегі селден қорғайтын бөгеттердің құрылысымен танысты.


Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің жоғарғы ағысында 114 мұздық пен 35 мореналық көл бар. Су арнасынан тасыса 5 мыңнан астам нысан мен 40 мыңнан астам адам қауіпті аймақта қалуы мүмкін.


Бұл бөгеттер мегаполистің Наурызбай, Әуезов пен Алатау аудандарының тұрғындары мен нысандарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыстың аяқталу мерзімі — 2023 жыл.

Б. Сағынтаев сумен жабдықтау мен су бұру инженерлік желілерінің құрылысы, сондай-ақ Таужолы ықш.-дағы жолдың қалай қалпына келтіріліп жатқанын тексерді.

«Тұрғындар желі тартылған Досмұхамедов магистралды көшесінің жағдайына алаң. Жолды қалпына келтіруді бастау үшін мұнда қалған 40 үйдің иелері желіге қосылуды тездетуі тиіс. Қазірдің өзінде мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деп жазды қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында.