Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Алтын белгі» үміткерлерінің емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссия қарайды

«Алтын белгі» үміткерлерінің емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссия қарайды

Конституциялық Кеңес Президенттің өтінішін іс жүргізуге қабылдады.

«Республиканың Конституциялық Кеңесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын ел Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады», делінген хабарламада.

*****

 «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссия қарайтын болды. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасамайды. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 9 822 оқу озаты үміткер. «Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір, емтихан жұмыстарын облыстық немесе республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді», – дейді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова. Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.

*****

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 57 144 адам салдырса, соның 20 мыңнан астамы толық вакцинациядан өтті. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірде 100-ге жуық екпе пункті бар. Олар медициналық мекемелерден бөлек адам көп шоғырланған сауда орындарында, кітапханаларда, спорт нысандарында, базарлар мен оқу орындарында да жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа үш жылжымалы екпе пункті жұмысын бастады.СҚО-да тұрғындарға үш түрлі вакцина салынып жатыр. Олар отандық QazVac, ресейлік «Спутник V» және БАӘ-нің Hayat-Vax препараттары.

*****

«Фолиант» баспасы мамыр айында шыққан жаңа кітаптар тізімін жариялады. Жақында баспадан Ілияс Есенберлиннің танымал «Көшпенділер» трилогиясының үш томы, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаяты, Александр Беляевтің «Адам-балық» романы, балалар жазушысы Николай Носовтың «Дымбілместің Айға саяхаты», «Дымбілмес Күн қаласында» ертегі-романдары, 1983 жылдың әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері, ағылшын жазушысы Уильям Голдингтің «Шыбындар әміршісі» бірегей туындысы қайта басылып шықты. Сондай-ақ ауған-американ жазушысы Халед Хоссейнидің «Батпырауық қуған бала» романы, Гүзел Яхинаның атышулы «Зүлейханың оянуы» шығармасы алғаш рет қазақ оқырманына жол тартып отыр. Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын хабарлағанымыздай «Фолиант» баспасында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы қайта басылып шыққан еді.