Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындары мен қонақтарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейірім шапағаты мол Рамазан айы бойы қаламызда біршама игі істер атқарылды. Бірлігі жарасқан ел мүддесі үшін жасалған түрлі қайырымдылық акциялары мұқтаж азаматтарға үлкен қолдау болды.

Рамазан айын қорытындылайтын Ораза айт – халқымыздың басым көпшілігі үшін діни ғұрып қана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.

Құрметті елордалықтар, қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Айт қабыл болсын!» — деп жазды елорда әкімі.