Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айдос САРЫМ: «Ауылдық кеңес» деген жаңа институт енгізіледі

Айдос САРЫМ:  «Ауылдық кеңес» деген жаңа институт енгізіледі

2019 жылы 6 қыркүйекте Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында «Реформа үшін реформа – бұл дағдарысқа бастайтын жол», - деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің міндеті – қоғаммен диалог жүргізу арқылы мемлекеттік саясаттың мақсатын түсіндіру екендігін айтқан болатын. Ия, шынымен де елімізді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау ісінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің рөлі ерекше. Себебі, кеңестің әрбір мүшесінің өзіндік пікірі мен ұстанымы бар. Бұл дамыған азаматтық қоғам үшін қалыпты жағдай.  

 Саяси реформалардың бірден қарыштап алға кетпейтіні, ақылға салып, біртіндеп жүзеге асырылатын, дамуға және жемісті жұмысқа бағытталуы тиіс процес екені көзі қарақты, саналы азамат үшін түсінікті болса керек. Жалпы еліміздегі саяси реформалардың кешенді жүзеге асырыла бастағанына 1,5-2 жыл болғанына қарамастан оның қаншалықты ауқымды екенін байқауға болады. Біз бүгін «Парламент сағаты» хабарында еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың дамуын талқылау үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарымды қара шаңырақ Қазақ радиосының тікелей эфиріне шақырдық.

Сұхбатты толығырақ төменде аудионұсқадан тыңдай аласыздар!

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.