Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ішкі істер министрлігі білім беру мекемелерінде тексеруді бастады

Ішкі істер министрлігі білім беру мекемелерінде тексеруді бастады

Ішкі істер министрлігі білім беру мекемелерінде тексеруді бастады. Бұл мәселе аталған ведомствода өткен кезектен тыс жедел кеңесте талқыланды. Министр Ерлан Тұрғымбаев тиісті басшыларға бүкіл оқу ошақтарын бейнебақылау жүйелерімен, қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету құралдарымен, дабыл түймелерімен және күзетпен жарақтандыруды тексеруді тапсырды. 17 мамырда басталатын «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде қару мен оқ-дәрілерді сатудың заңдылығын және оларды қауіпсіз сақтау шарттарын бақылауды жүктеді. Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін анықтау үшін интернетте тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.

*****

Бүгінгі мәлімет бойынша 39 316 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандар арасында: 798 адамның жағдайы ауыр, 185 пациенттің халі өте ауыр, 107 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Бүгін коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды. 13 мамырда 130 адам осы кеселге шалдыққан. Ауру салдарынан 1 науқас қайтыс болды. 99 адам емделді. 1 тамыздан бергі статистикаға сәйкес, 54 014 адам пневмониямен ауырған. 852 науқас көз жұмса, 52 615 пациент жазылып шықты.

*****

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетімен күресте карантин талаптарын сақтау мен вакцина алудың маңыздылығын насихаттаған қойылым ашық аспан астында көрсетілді. «Астана мюзикл» театрының әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хореографиялық шараны елорда жұртшылығы тегін тамашалай алды. Қойылымның мән-мазмұны мен тарихы тікелей өмірден алынған және бұл ұжымның дебюттық шығарылымы.

*****

Елордада электр самокаттарды жалға беретін бірыңғай платформа іске қосылды. Енді кез келген қала тұрғыны самокатты алып, қажетті мекенжайға жетіп, оны жақын орналасқан станцияда қалдыра алады. Оны пайдалану үшін Jet мобильдік қосымшасын жүктеу қажет. Электр самокаттардың орналасқан жері, заряд дәрежесі туралы деректер осы қосымшада көрініс тапқан. Қазіргі уақытта қалада дәл осындай 60-тан астам орын бар. Онда 100 самокат іске қосылды және алдағы уақытта олардың санын 1 мыңға арттыру жоспарлануда.