Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 39 су қоймасы салынады

Елімізде 39 су қоймасы салынады
  • Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 500 қазақстандық жауапқа тартылды.
  • Елімізде 39 су қоймасы салынады. 
  • Қару-жарақ тапсырғандарға 300 мың теңгеге дейін төленеді.

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады. Кездесуде тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады. «Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады», - деп мәлімдеді кездесуде Мұхтар Тілеуберді. Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. 

*****

2030 жылға дейін елімізде апаттық жағдайда тұрған 29 су қоймасы күрделі жөндеуден өтіп, 39 су қоймасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы халық алдында есептік кездесуінда Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Министрдің сөзіне қарағанда 2025 жылға дейін суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Ол үшін алдағы 5 жыл ішінде жалпы ұзындығы 4,5 мың шақырымнан асатын арналарды қайта жаңарту қажет.

***** 

Елімізде рұқсатсыз шетелдіктердің еңбегін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап өтуінше, ішкі істер органдары көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел іс-шарасын 7 маусымнан бастап өткізіп жатыр. «Операцияның 7 күнінде тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол. Ресми өкілдің айтуынша, Шымкент қаласында мектеп құрылысына 30 шетелдікті заңсыз жұмысқа салу фактісі анықталған. 

***** 

2008 жылдан бері қару-жарақтарды өз еріктерімен полицияға өткізген ел тұрғындарына 1,7 млрд теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты. Осындай акциялардың нәтижесінде халық ақшалай сыйақыға өз еріктерімен 53 мыңнан астам атыс қаруы мен оқ-дәрі тапсырған. Дәл осындай акция биыл 20 сәуірде басталды. Акция аясында мемлекет ел тұрғындарынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу үшін 95 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Асылбек Ыдырысовтың атап өтуінше, азаматтар өткізген қару-жараққа төленетін сома 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін болады. 

*****

Кеше кешке Бурабай демалыс аймағындағы «Бурабайға қош келдіңіз» жазуын жеңіл көлік жүргізушісі қиратып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Зардап шеккендер жоқ. Көліктің дөңгелегі атылып, жүргізуші рөлді басқара алмай қалған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 60 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Немесе алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.