Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 17.06.2021

Қорытынды жаңалықтар 17.06.2021


Бүгін ҚР Сенатының жалпы отырысында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды. Есепті тыңдау барысында Палата спикері Мәулен Әшімбаев өткен жылдың өте күрделі болғанын, Парламент коронавирус дағдарысын еңсеру үшін Үкіметпен бірлесіп, белсенді жұмыс істегенін атап өтті. Осы орайда Мәулен Әшімбаев бүгін жалпы отырыста бірқатар проблемалар орынды көтерілгенін айтып, депутаттарды бюджет тапшылығының өсімі алаңдататынын жеткізді.

*****

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, былтыр бюджет түсімдері 100,3%-ға орындалып, 12 трлн.

49 млрд. теңгеге жетті. Ал шығыстар 98,3%-ке игерілді.

*****

 Елімізде 353 мәдениет нысаны жетіспейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Оның айтуынша, оңтайландыруға байланысты жергілікті атқарушы органдар мәдениет саласындағы ғимараттарды қысқартуда. Мәселен, өңірлерде мәдениет ұйымдарын жаппай біріктіру/қосу бойынша тәжірибе барлық жерде қолданылады. Сол арқылы тұрғындардың мәдени құндылықтарға қолжетімділігі, әсіресе моноқалалар мен ауылдық жерлерде шектеліп отыр», - деді Ақтоты Райымқұлова.

*****

Алматыда коронавирустың 5 түрлі штамына зерттеу жүргізіліп жатыр. Осы аптада «британдық», «үнді», «бразилиялық», «даниялық» және «вьетнамдық» штаммдар бойынша жұмыс басталды. Дегенмен, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыда осы айда індеттің таралуы 2 есе азайды. Ал, шахар тұрғындарының 23 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасты. Ахуал жаксарғандықтан Алматыда маусымның 19-ынан бастап карантин жеңілдетіледі,-деген санитар дәрігер ең маңызды міндет тұрғындар арасында вакцинацияны өткізу көрсеткішін 70 пайызға жеткізу екенін атап өтті.

*****

Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ең көбі Елорда мен Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Осылайша, ел бойынша ауырғандар саны 405209- ға жетті. Оның ішінде 381026 адам жазылды. Қазіргі уақытта 21 мыңнан астам адам инфекциядан емделуде. Індет жұқтырғандардың ішінде 435 науқастың жағдайы ауыр.

*****

Сонымен қатар, Қазақстанда короновирусқа қарсы вакцинаның I- компонентін салдырғандар саны 2 млн 600 мыңнан асты. II- дозаны 1 527 707 адам алған. Вакциналау науқанында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары белсенділік танытуда.

*****

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді. Айыртау ауданында табылған жабайы қаз-үйректердің өлексесінен сараптама алынып, нәтижесінде құс тұмауынан қырылғаны анықталды. Әзірге карантиндік шаралар енгізілмейді. Өткен жылы теріскейде үй құстары жаппай ауырып, салдарынан 500 мыңнан астам қанатты қырылып қалған еді. Биыл жұқпалы дертке қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін 1,5 млн құсқа екпе салынады.

*****

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Май және Баянауыл аудандарындағы қуаңшылыққа байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мамандар Май ауданында мал азығы - шөп жағынан ешқандай тапшылық болмайды деп отыр. Баянауыл ауданында шөп маусымы шілде, тамыз айларында басталады,-деген аймақ басшысы облыс деңгейінде қабылданып жатқан шараларды тілге тиек етті.